БІЗДІҢ АУЫЛ... немесе отбасы туралы жыр  

Dalanews 26 қаң. 2015 22:22 1588

 Қарагөз СМӘДІЛ, журналист

Бiздiң ауыл – шағын деуге де, үлкен деп ауыз толтыра айтуға да келмейтiн елдiмекен. Шағын демейтiнiмiз – ауылдың о шетi мен бұ шетiне жүгiрiп шыққанда демiмiз бiтiп, кәдiмгiдей алқынып кетемiз. Үлкен еместiгi – күллi ауыл тұрғындарының түшкiргенiне дейiн барлығы хабардар болып жүргенi.

Бiр үстел басына жиналған бiздердi тамақтандыра отырып, әкем мен анам шүңкiл-шүңкiл әңгiмеге кiрiсетiн. Мұндайда түрiк құлақ қалай тыныш қалмақ? Содан аузымыз – тамақта, құлағымыз – сөзде.

[caption id="attachment_8841" align="alignleft" width="212"]0269 Отбасының тірегі әке деген[/caption]

Бiздiң дастархан басында қандай әңгiмелердiң тиегi ағылатынын жайып салғымыз жоқ. Отбасылық әңгiме емес, отбасындағы жылылық туралы айтқымыз келедi.

Отбасындағы жылылық – «айым-күнiм» деп өбектеу емес. Айтқаныңды орындап, үлде мен бүлдеге орап қоюды да отбасылық жақындыққа жатқыза алмас едiк.

Бала белгiлi бiр отбасының мүшесi екенiн, ондағы жандарға қадiрлi, аяулы, қымбат болатынын көңiлiмен түйсiнгенi жөн.

Қоғами өмiрге араласпастан бұрын бала ең алдымен отбасы өмiрiмен танысады. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны iлетiн қазақы философия отбасының iргесiн берiк қылып, ондағы жандардың өмiрлiк сенiмiн қалыптастырудан байқалмақ.

Бiздiң шағын да емес, үлкен де емес ауылымызда жобамен 1000-1500 түтiн бар-тын. Мемлекет салып берген сыртқы тұрпаты бiрдей үйлердiң әрқайсысында түрлiше тағдыр барын, бала болсақ та, сезетiнбiз. Сол отбасылардың тағдыры менiң құрдастарымның болашағына да әсерiн тигiздi. Әйтпесе, барлығымыз бiр ауылда тәрбиелендiк, бiр балабақшаға, бiр мектепке бардық, бiр мұғалiмнiң алдын көрдiк. Тек содан кейiнгi өмiрiмiз өзге арнаға бет бұрып кеттi. Неге?

Себебi, әрқайсымыз әртүрлi отбасының жылуын алдық. Кейбiрi отбасылық жақындықтың тек сыртқы тұрпатын ғана сездi.

Бiздiң ата-аналардың бiразы жақсы бала тәрбиелеудiң әдiсi жаңа заманғы ғылыми кiтапта, кейбiрi дәстүрде бар деп бiлдi.
Шағын да емес, үлкен де емес бiздiң ауылдағы отбасылардың мiнезi де, құрамы да түрлiше болғанын айтып өттiк. Бiздiң ата-аналарымыз да әртүрлi едi. Бiрақ, сол ауылдың балалары, менiң құрдастарымнан сұраңыз, әртүрлi ата-аналарын түрлiше жақсы көредi. Бәрiбiр жақсы көредi. Баланы тәрбиелеудiң кiлтiн дұрыс таба алған ата-аналардың балаларына берген ең басты нәрсесi – жүрек жылуы. Дүниенiң өзгесi тең келмейтiн осындай ыстық сезiмдердi сiңiрген бала одан кейiнгi керек нәрсенi өзi-ақ жасап алады. Тек сол керектердiң де жөн-жосығы, шама-шекарасы бар екенiн отбасында түсiндiрiп, артық-кемiн айтып берсе.

Дәстүр демекшi, отбасылық жылылықтың бастауы, қатал ата-ана мен ерке бала арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеушi, яғни елшi қызметiн көбiне ата-әжелер атқаратын. Ата-әжелердiң келесi бiр функциясы – ата-ананың балаға шектен тыс елжiремеуiн, баланың ата-анашыл бола қалмауын да қадағалап тұратын едi. Үлкендердiң мойнындағы келесi бiр мiндет – туыстардың жат болмауының қамын күйттеп, немересiн арқалап, күллi туған-туысты аралап, кiм екенiңдi, қайдан шыққаныңды жалықпай түсiндiрiп беретiн. Ата-әже институты ең алдымен өткендi қадiрлеуге, кешегiнi құрметтеуге ықпал етедi. Бүгiнгi тарих, әдебиет, әдеп секiлдi пән мұғалiмдерiнiң иығындағы жүктi дәстүрлi отбасының ата-әжелерi қыңқ етпестен көтерiп жүр. Жетi атаны жаттату, тегiңдi айтқызу, халықтық дәстүрдегi өлең-жырлардан «концерт» қойдырту – ата-әжелердiң үлкен қуанышы. Мейiрiмге мейiлiнше қанған бала болашақта жамандық атаулыдан iргесiн аулақ салады. Үлкендерден алған жылудың сарқыны бәрiбiр бiр байқалады.

Шағын да емес, үлкен де емес бiздiң ауылдағы отбасылардың мiнезi де, құрамы да түрлiше болғанын айтып өттiк. Бiздiң ата-аналарымыз да әртүрлi едi. Бiрақ, сол ауылдың балалары, менiң құрдастарымнан сұраңыз, әртүрлi ата-аналарын түрлiше жақсы көредi. Бәрiбiр жақсы көредi. Баланы тәрбиелеудiң кiлтiн дұрыс таба алған ата-аналардың балаларына берген ең басты нәрсесi – жүрек жылуы. Дүниенiң өзгесi тең келмейтiн осындай ыстық сезiмдердi сiңiрген бала одан кейiнгi керек нәрсенi өзi-ақ жасап алады. Тек сол керектердiң де жөн-жосығы, шама-шекарасы бар екенiн отбасында түсiндiрiп, артық-кемiн айтып берсе.

Түсiндiру демекшi, оны түсiндiрудiң де қажетi шамалы. Отбасындағы әрекет арқылы бала керегiн көңiлiне түйiп, жүрегiне берiк байлайды.

Қазақ – сөздi, сөз иесiн құрметтейтiн халық. Десе де, «молданың айтқанын iстеп, iстегенiн iстемеу» – қолынан келе бермейтiнi және бар. Аға қазақ сондай болғанда, бала қазақтан не күтесiз? Ол ата-ананың айтқанын емес, iстегенiн қайталайды.
Кiшкене бала – үлкен тағдыр. Сол баланың (тағдырдың емес) бәрi бiрдей. Аласы да, құласы да жоқ. Өсе келе, сыртқы тұрпаты ауысып, жат қылықтарға әуес болып кететiнi болмаса. Сол жат қылықтар қайдан шығады?

Бала тәрбиесiнде ата-ананың үлкен орын алатыны белгiлi. Өкiнiштiсi сол, бүгiнгi бала – ата-анадан ғана емес, отбасыдан алшақтап барады. Ғасырлар бойы қалыптасқан бұл әлеуметтiк институттың әлеуетi неге әлсiредi?

[caption id="attachment_8843" align="alignright" width="463"]O Төртөбелге мініп, әкелеріміз әлдеқайда кетіп бара жатпаушы ма еді...[/caption]

Бiрiншiден, отбасы ұғымының ғана емес, сөзiнiң де мағынасы кеми түскен. Оның киесi жоғалып барады. Отбасы қасиеттi одақ – некемен байланыстырылуы тиiс едi. Отбасы да, неке де қағаз жүзiнде атқарылатын iс, ең алдымен ресми органдарға қажеттi шара есебiнде ғана көрiнiс беретiн болды.

Екiншiден, отбасылық мәңгiлiк бiрлiктiң көбесi сөгiле бастады. Бүгiн отау тiгiп, ертең шаңырағын құлататындардың қатары көбеймесе екен деген тiлегiмiз бiр күнi орындалар деген үмiтiмiз ғана бар.

Үшiншiден, отбасындағы түсiнiспеушiлiктер мен кикiлжiңдер бала тәрбиесiне керi ықпал етуде.

Отбасылық жылы қарым-қатынастардың басты көрсеткiшi – жұбайлардың жарасымдылығы екенiн айта кеткiмiз келедi. Отбасын құратын да, оның сыртқы бейнесiн жасайтын да солар. Жұбайлық түсiнiстiктiң деңгейiне орай «кiшi мемлекеттiң» табиғи бейнесi қалыптасады, отбасында орнаған дәстүрдiң бiр ұшығы байқалады.

Үйдегi жанжал бала санасына керi ықпал етедi. Әсiресе, ананың көңiл-күйi балаға қатты әсер бередi. Мұндай жағдайда ата-анасының жылы қарым-қатынасынан үлгi алатын достық пен махаббат туралы алғашқы балаң сезiмдер бала жүрегiнен жоғала бастайды.

Әдетте бала әкеден күштiлiктi, мықтылықты, батылдықты, қаттылықты, шешеден жұмсақтық, мейiрiмдiлiк, жылылық секiлдi сезiмдердi қабылдайды. Ата-ана баланың өзге адамдар, тұтас ғалам туралы көзқарасын қалыптастыратын, адамгершiлiк шекараларын айырып беретiн алғашқы мектеп.
Үйдегi жанжал бала санасына керi ықпал етедi. Әсiресе, ананың көңiл-күйi балаға қатты әсер бередi. Мұндай жағдайда ата-анасының жылы қарым-қатынасынан үлгi алатын достық пен махаббат туралы алғашқы балаң сезiмдер бала жүрегiнен жоғала бастайды.

Балабақша, мектеп, университет секiлдi әлеуметтiк институттар адам өмiрiнiң белгiлi бiр кезеңдерiнде ғана ықпал ете алады. Ал отбасы – адам пәниге келiп, бақиға бет бұрғанынша қасынан табылатын, қисығын түзеп, түзуiн жетiлдiретiн бiрден-бiр тәрбие мектебi. Сондықтан, бала тәрбиелеудегi отбасы рөлiнiң әлсiреп бара жатқанынан қорқу керек. Өйткенi, өзге қоғамдық институттар орнын толтыра алмайтын жағдай бұл. Отбасылық тәрбие мен қоғамдық тәрбие бiр-бiрiнiң құндылықтарына қайшы келмей, бiр бағытта жұмыс iстесе, құба құп.

[caption id="attachment_8844" align="alignleft" width="448"]ауылдын жаны ауылдың жаны - терең сай[/caption]

Кiшкене бала – үлкен тағдыр. Сол баланың (тағдырдың емес) бәрi бiрдей. Аласы да, құласы да жоқ. Өсе келе, сыртқы тұрпаты ауысып, жат қылықтарға әуес болып кететiнi болмаса. Сол жат қылықтар қайдан шығады? Үлгiлi, өнегелi ата-анасы бар шаңырақтан қыңыр ұл, қоңыртөбел тiрлiгi бар қарапайым отбасынан айтулы ұрпақ тәрбиеленсе, ата-ананың атағы емес, тәрбиесiнiң маңызды болғаны деп ұғыңыз. Шындығында, парадокстар молынан кездеседi. Кейде материалдық жағдай да, мәдениет те, ата-ананың бiлiмдарлығы да отбасындағы жылылықты, балаға деген мейiрiмдi ауыстыра алмайды.
Бiздiң ауылда мұндай отбасылар көп едi. Әлi де бар шығар

Отбасы – өзге әлеуметтiк институттармен теңестiрiлмейтiн, салыстыруға мүлдем болмайтын үлкен мектеп. Ол кiшкене Адамға үлкен өмiрлiк мақсат пен құндылықтардың бастауын көрсетiп, ненi үйренiп, неден жирену керегiне жол сiлтейдi. Отбасы берген тәрбие негiзiнде адамның қоғамға, ортаға деген көзқарасы қалыптасады. Ата-ананың үлгi-өнегесiн көрген, отбасылық жылылықты сезiнген бала ғана «асық және қашық болатын» әдеттердi айыра алмақ.

...Шағын да емес, үлкен де емес бiздiң ауылда қалалық өлшеммен алғанда «көп», ауылдық өлшеммен «орташа», үлкендердiң сөзiмен айтқанда «құдайдың бұйырған» бiрнеше баласы бар отбасылары шәй үстiнде шүңкiл-шүңкiл әңгiмеге кiрiсетiн. Әрбiр үйдiң қарадомалағының әншейiнде түрiк құлағы мұндайда қалай тыныш қалмақ?

Жоқ, мәселе, кiмнiң қалай түшкiргенi туралы әңгiмеде емес. Әке мен шешенiң бiр-бiрiне деген ыстық ықыластарында. Бiрiнiң көңiлiн екiншiсi аулағысы келiп тұратын жарастықтарында. Бала шуына толы шаңырақта бiрiн-бiрi тыңдай бiлетiн, тыңдай алатын, тыңдағысы келетiн сыйластықтарында.

Бiздiң ауылда мұндай отбасылар көп едi. Әлi де бар шығар.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар