– Біздер 2017 жылдан бері теміржол өткілдерін күзету ісімен айналысып келеміз. Біз күзететін аумақпен «Нұр-Сұлтан – Орал» бағытындағы жүрдек пойыз өтеді. Басшылық 13 мамырдан бастап жол бойында күзет ұстау шығынды ақтамайтынын айтып, күзіт қызметін қысқартуды жоспарлап отыр. Біздің жұмысымыз жылдар бойы адамдардың өмірін сақтап келді. Күн сайын теміржол өткелдерімен автокөлік пен мал айдаған халық өтеді. Біз олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келдік. Мұны басшылық түсініп отырған жоқ. Құрметті Президент мырза, осы іске араласып, біздің жұмыс орнымызды сақтап қалуға көмек көрсетуіңізді сұраймыз, – деп БҚО теміржолшылары өз өтінішін жеткізді.
Тоқаевқа бағытталған видео үндеу 1 мамыр күні жазылған. 2 мамыр күні Шыңғырлау ауданы әкімнің орынбасары Азамат Бисембаев осы мәселе бойынша кеңес өткізіп, түйткілді шешуге күш салып жатқанын жеткізді.
Олар алдағы уақытта ҚТЖ басшылығымен де көздеспекші екен. Әкім орынбасары бұл мәселе әкімдіктің бақылауында екенін алға тартқан.