Қырғызстанның әлеуметтік желілер сегментінде қырғыз тіліне қатысты келемеж мазмұндағы видео кеңінен тарады. Бейнежазба бұған дейін «Куликов» кондитерлік желісі мен блогер Айтилек Орозбеков арасында туындаған тілдік дау аясында түсірілген, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Видеода үш блогер қырғыз тілін келемеждеп, мазақ еткен. Бұл жазба қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Бішкек қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тексеру басталған. Тексеру аясында астаналық милицияның экстремизмге және заңсыз көші-қонға қарсы қызметінің жедел уәкілдері мен Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің қызметкерлері бейнежазбада бейнеленген азаматтардың жеке басын анықтаған.
Олар — 1991 жылы туған Т.К., 1991 жылы туған С.С. және 1991 жылы туған М.М. болып шықты.
Аталған блогерлер Бішкек қалалық ішкі істер басқармасының Тергеу қызметіне жеткізілген. Тергеу барысында олар жариялаған видеосы үшін кешірім сұраған.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, тексеру нәтижесі бойынша аталған оқиғаға құқықтық баға берілетін болады.
