Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы (ҚҚҚ) бірыңғай QR-кодты енгізу қолма-қол ақшасыз төлемдердің одан әрі артуына ықпал етеді деп бажайлайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың І-тоқсанының қорытындысына сәйкес, еліміз бойынша жасалған осындай операциялардың үлесі 87,1% -ды құрады. Мәселен, өткен жылдың осындай кезеңінде бұл көлем 85,5%-ды қамтыған.
Қазақстанда POS-терминалдардың көптеп орнатылуда - әр мың адамға 67 құрылғыдан (бір жыл бұрын - 56 құрылғы).
"Айналымда қолма-қол ақшамен есеп-айырысу жағдайы, әрине әлі де өзектілігін жоймаған: 2025 жылдың I-тоқсанында қазақстандықтар банкоматтар арқылы 6 трлн теңгені (+6,6%) шешіп алған, ал бұл көрсеткіш 2024 жыл 5,7 трлн теңге болған. Жалпы, қолма-қол ақшасын жасалған операциялар көлемі ақшалай жасалған көлемнен 6,8 есе артық көлемде қалыптасып отыр (40,3 трлн теңгеVS6 трлн теңге)", - дейді Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы.
Қауымдастық келтірген дерекке сәйкес, өңірлер тұрғысынан алып қарастырғанда қолма-қол ақшасыз транзакциялар үлесінің ең көп өсімі Ақмола (+8,2 п.п.), Жетісу (+5,1 п. п.) және Түркістан (+4,6 п. п.) облыстарында тіркеліп отыр.