Бір жылда Қазығұртқа 15263,2 млн. теңге инвестиция тартылған

Dalanews 30 қар. 2018 04:33 740

Қазығұрт ауданның жалпы өңірлік өнім көлемі 2018 жылдың 10 айының қорытындысымен 96929,7 млн. теңгеге орындалып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 121,0 пайызды құрады.

Үстіміздегі жылдың 10 айының ішінде тартылған инвестиция көлемі 15263,2 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,1 пайызға артты.

2018 жылға аудан бюджетінің жалпы көлемі 17100,0 млн, теңгеге бекітіліп, бюджетті нақтылау барысында 2915,0 млн, теңгеге артып, жылдық жоспар 20015,0 млн, теңгені құрады. 10 айдың қорытындысымен 99,9 пайызға бюджет қаржысы игерілді. Ішкі кіріс бөлігінің 2018 жылғы жоспары 1660,2 млн. теңге, 10 айлық жоспары 1200,5 млн. теңге болса, нақты 1261,3 млн. теңгеге, яғни 105,1 пайызға орындалды. Өңіріміздегі өнеркәсіп өнім көлемінің жыл сайын артуына ауданымызда ашылған индустриалды аймақтың үлесі мол.

Бұл туралы Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев Түркістан қаласындағы "TURKISTAN MEDIA" орталығында өткен баспасөз-мәслихатында мәлімдеді.

 

 

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар