Жамбыл облысы Мерке ауылында әйел өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады. Оның артында сегіз айлық сәбиі қалған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Желіде тараған мәліметке сәйкес қайғылы жағдайға дейін әйел құрбысымен хат алмасып, күйеуімен болған жанжал туралы айтып берген. Оның сөзінше, жолдасы баласына әкелген "Барни" тәттісін жегені үшін ұрып-соққан.
Жамбыл облысы Полиция департаменті бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, не соған ықпал ету") бойынша соталды тергеу басталғанын хабарлады.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын толық әрі жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр.