Бір айда БЖЗҚ-дан баспана алу мақсатында алынған ақшаның көлемі 15 %-ға өскен

Кәмшат Тілеухан 05 қар. 2024 15:01 1628

Бір айда БЖЗҚ-дан "тұрғын үй жағдайын жақсарту" мақсатында алынған ақшаның көлемі 15 %-ға өскен. Мұндай белсенділік қордан қаражатты шешіп алуға шектеулер енгізілуі мүмкін екендігі жайлы сөз шыға салысымен, шілде айынан басталған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазан айында тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында БЖЗҚ өзіне келіп түскен  45,3 мың өтініш бойынша зейнетақы жинақтарының біржолғы төлемін орындады, бұл - қыркүйекпен салыстырғанда 15%-ға артық көлем.

"Белсенділіктің күрт өсімі шілдеде аталған қордан қаражатты шешіп алуға шектеулер енгізілуі мүмкін екендігі жайлы сөз шыға салысымен белең алғанын еске саламыз.  Содан бері қордан белсенді түрде қаражат шешіле бастады. Қазан айындағы "тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында" келіп түскен өтініштерінің саны алдыңғы үш дүрбелең айдағыдан да көп болып отыр. Қазан айында БЖЗҚ орындаған өтінімдердің жалпы сомасы 37,4 млрд теңгені құрады. Қыркүйекте бұл сома өзгеріссіз болды, бірақ шілде айындағы ең көп мөлшер - 45,1 млрд  теңгемен салыстырғанда, әрине аз. Өткен айда қаралған әрбір үшінші өтінім тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіндегі салымды одан әрі жинақтау үшін толықтыруға қатысты болды. Ал сомасы бойынша ең бірден көз тиестін үлес тұрғын үй сатып алу кезіндегі соңғы есеп айырысуларға (38%) тиесілі", деп нақтылайды Бірінші кредиттік бюро.

Емдеу мақсатында орындалған өтініштердің жалпы саны қазан айында 13,2 мыңға жетті. Олардың барлығы дерлік стоматологиялық қызметтерге жұмсалған(98%).

"Қаражатты пайдаланудың дәл осы түрін басында уақытша доғара тұру ойластырылған, одан кейін күрделендірейік деді, бірақ әзірге түпкілікті шешім жарияланған жоқ", - дейді сарапшылар.

Бұған дейін Dalanews Қазақстан азаматтарының БЖЗҚ-дағы жинағының 2024 жылдың тоғыз айындағы табысы 2,09 трлн теңгені құрағанын жазған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар