Біріншіден, жалпы өте сәтті тағайындау.
Оның себебі, бұл кісі қарапайым мұғалім, мектеп директоры, білім басқармасы басшысынан бастап, білім саласындағы барлық лауазымда отырған, вице министр де болған, бұл салада тәжірибесі жеткілікті, білімді, таза қазақ тілді адам.
Екіншіден, қазіргі реформа бастауы Назарбаев зияткерлік мектептері жүйесінен алынған. Ал, жаңа министр - Назарбаев зияткерлік мектептерінің құрушысы, директорлар кеңесінің төрайымы.
Сондықтан Аслан Сәрінжипов бастап, Ерлан Сағадиев былықтырып кеткен реформа соңына дейін шығады. Реформа тоқтайды деп қуанбаңыздар, мүлде ойламай ақ қоюға толық негіз бар.
Үшіншіден, апамыз бір аптадан соң 4-ші наурызда 61 жасқа толады. Яғни, ол кісі зейнеткер. Оның үстіне заң бойынша келесі жылы президент сайлауы, президент сайлауынан соң үкімет қайта доғарысқа кетіп, жаңадан жасақталады. Сондықтан, он бесінші министр бұл орында ұзақ отырады деп айта алмаймын. Сағадиевке дейінгі 13 министр секілді ең ұзағында бір жарым жылдан соң шынымен зейнетке кетеді.
Төртіншіден, білім саласындағы соңғы реформаның, нақтырақ айтқанда 2016-2021 жылдарға арналған білім реформасының соңғы екі жылы ғана қалды, ал, жаңа министр сол реформаның басында тұрған адам ретінде соңғы нүктесін қоюға келді деген ойдамын.
Жалпы ойым осы. Тілейтінім, Назарбаев зияткерлік мектептерінің бағдарламасы толық енетіндіктен, Назарбаев зияткерлік мектептерінің жабдықталуы, мұғалімдерінің жалақысы, материалдық мүмкіндіктері толығымен барлық мектептерге жасалса, соған жаңа министр күш салса екен.
Сонымен бірге "педагог мәртебесі" туралы заңды толық, сапалы етіп бекітіп кетсе екен, Елбасы тапсырмасы орта жолда қалмайды деп сенемін.
А, айтпақшы, жаңа министрге жалғыз жақындығым бар, ол кісі де мен секілді химик немесе мен ол секілді химикпін.
Жаңа министрге сәттілік тілеймін! Еліміздің білім, ғылым саласы дами берсін!
Аятжан Ахметжанұлының
facebook парақшасынан