Білім беру саласында 15 млрд теңге жымқырылған

Қаракөз Амантай 19 мау. 2024 15:21 2496

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров білім беру саласындағы жүйелі сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарды анықталғанын жеткізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның сөзінше, өткен жылдан бері 229 қылмыстық іс тіркелген.  

"Олар бойынша шығын 15 миллиард теңгеден асты. Ұрлықтың ең көп сомасы Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласында анықталды. Қылмыс жасауда 317 адам әшкереленді, оның ішінде 144 адам сотталып, түрлі жазалау шаралары қолданылды", – деді Данияр Бигайдаров.

Сонымен қатар ол Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шалқар ауданының білім бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлады.

"Ол аудандық жалпы білім беретін мектептің директоры арқылы ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларынан қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін жалпы сомасы 18,5 миллион теңге пара алды деп күдіктелуде. Соттың санкциясымен білім бөлімінің басшысы мен аудандық мектеп директоры қамауға алынды", - деп толықтырды ведомство өкілі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар