Бесінші алтын: Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарында топ жарды

Бесінші алтын: Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарында топ жарды
ҰОК/Владислав Семенов

Дәстүрлі аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасының өкілі Еркінғали Бүркіталин Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіске жетті, деп хабарлайды dalanews.kz ҰОК-қа сілтеп.

Қазақстандық файтер 77 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Еркінғали Бүркіталин алтын жүлде үшін өткен ақтық бәсекеде Бахрейн өкілі Мухаммад Набиевті 3:0 есебімен жеңді. 

Осылайша, Еркінғали Бүркіталин Қазақстан құрамасының қоржынына бесінші алтын медальді салды.