Бензиннің қымбаттауы такси бағасына әсер етпейді. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Марат Қарабаев өзін-өзі реттейтін ұйымның құрылуының арқасында таксимен жүру арзандауы мүмкін екенін айтты.
Министрдің сөзінше, такси бағасын мемлекет емес, нарық реттейді.
«Кеше біз өзін-өзі реттейтін ұйым туралы заң жобасын талқыладық. Оның аясында интернет-агрегаторлар мен такси жүргізушілері бір шақырымның құны мен агрегаторлардың пайыздық мөлшерлемесі туралы келісімге келе алады», - деді Көлік министрлігінің басшысы.
Журналистер министрлік ұйым құру арқылы бағаға нақты әсер ете ала ма деп сұрады. Өйткені көптеген такси жүргізушілері бұл бастамаға қарсы шыққан болатын.
«Заң жобасына сәйкес, ұйымға барлық такси жүргізушілері емес, тек заңды тұлғалар – екі мың компания мен 200 мың автокөлік кіреді», - деп түсіндірді министр.
Дегенмен, такси агрегаттары бағаны көтеруге кірісіп кеткен.