Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Энергетика, Қаржы, Ішкі істер министрліктері, Қаржы мониторингі агенттігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі өкілдерімен бірге жанар-жағармай нарығындағы жағдай бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Күн тәртібінде ішкі нарықты жанар-жағармаймен тұрақты қамтамасыз ету, шекара маңындағы өңірлердегі мұнай өнімдері айналымына бақылауды күшейту мәселелері қаралды.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, нарықтағы жағдай тұрақты, отын қоры жеткілікті.
Жиын соңында премьер-министрдің бірінші орынбасары жауапты мемлекеттік органдарға мұнай өнімдерінің заңсыз ағынына жол бермеу, мемлекеттік шекарада бақылауды күшейту бойынша егжей-тегжейлі жоспар әзірлеуді тапсырды.
"Бағадағы алшақтық пен логистика тапшылық пайда болуына әкеп соқпауы керек. Бұл мәселе Үкіметтің бақылауында", - деді Роман Скляр.