Белгілі кинорежиссер “Әлихан” толықметражды фильмінің түсірілімі басталғанын мәлімдеді

Қаракөз Амантай 24 мам. 2024 15:36 3784

Белгілі қазақстандық  кинорежиссёр, кинематограф әрі продюсер Мұрат Бидосов "Әлихан" толықметражды фильмнің түсірілімі басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл қуанышты жаңалықты режиссер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

"Әлихан" - толықметражды фильм! Бұған дейін "Тар заман" тарихи сериалын түсіргеніміз көрерменнің есінде болар. Осы сериалды қолға алған кезде көптеген тарихи деректер мен мағұлыматтар жинадық. Шыны керек, бұл деректер біраз фильмге азық боларлық дүниелер екенін сол кездің өзінде аңғарған болатынбыз.  Енді  "Әлихан" толықметражды фильмінің сценарийін жазып бітіріп, съемкаға дайындық жұмысына қызу кірісіп кеттік. Жобаға кәсіби тарихшылар тартылып,олардың талғам-таразысынан, сүзгісінен өтті. Осы картинаны жүзеге асыруға аянбай қол ұшын созған азаматтарға мың алғыс!”, - деді Мұрат Бидосов.

Айта кетейік, Мұрат Бидосов - алаш қайраткерлерінің өмір жолын, ұлтқа белгілі әйгілі тұлғалардың тағдырын арқау еткен бірнеше телесериалдың режиссері. Бұған дейін оның басшылығымен “Тар заман”, “Кейкі” және “Абай” туындылары қалың көрерменге жол тартқан болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар