Беларусьте «Гелендвагенмен» жүрген қазақстандық әйелге соңғы мүмкіндік берілді

Беларусьте «Гелендвагенмен» жүрген қазақстандық әйелге соңғы мүмкіндік берілді
ашық дереккөз

Беларусьте жол ережесін бірнеше рет бұзғаны үшін жауапқа тартылған қазақстандық әйелге қатысты оқиғаның жалғасы белгілі болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұған дейін Минскіде 32 жастағы Қазақстан азаматы «блатной» нөмір таққан «Гелендваген» көлігімен жол қозғалысы ережелерін бірнеше мәрте бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылғаны хабарланған еді.

Енді Беларусь Ішкі істер министрлігі мұндай жағдайларда шетел азаматтарына елден шығарып жіберу жазасы да қолданылуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Алайда ведомство әйелдің асырауында төрт кәмелетке толмаған баласы барын ескеріп, оған тағы бір мүмкіндік берген.

Ресми органдар қазақстандық әйелге ресми ескерту жасап, жол ережесін қайта бұзған жағдайда ел аумағынан шығарылуы мүмкін екенін жеткізді.

Осылайша, құқық қорғау органдары бұл жағдайды соңғы ескерту ретінде бағалап отыр.