Бектеновті Скляр алмастыруы мүмкін

Сағыныш Сардарова 06 ақп. 2024 12:09 12753

Дереккөзде Президент әкімшілігінің басшысы болып Роман Скляр тағайындалатыны туралы ақпараттар тарап жатыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұған дейін Президент әкімшілігін Олжас Бектенов басқарды. Ал ол бүгін Amanat партиясының атынан ҚР премьер-министрі лауазымына ұсынылды.

"Олжас Бектеновтың орнына ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр болуы мүмкін", - деп жазып жатыр дереккөздер.

Скляр - 2019 жылдан бері премьер-министрдің орынбасары. Ол биылғы 5 ақпанға дейін осы лауазымға бірнеше рет қайта тағайындалды. Ал кеше Президент жарлығымен Үкімет басшысының міндетін уақытша атқарушы болды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар