Бектенов Тоқаевтың ескертуінен кейін шенеуніктерге шығындардың өсуіне жол бермеуді тапсырды

Сағыныш Сардарова 06 ақп. 2025 13:16 1454

Олжас Бектенов Республикалық бюджет комиссиясы отырысын өткізді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Республикалық бюджет комиссиясының отырысы өтті.

Үкіметтің баспасөз қызметі

РБК отырысының қорытындысы бойынша орман тәлімбағын құру, ұлттық гидрометеорологиялық қызметті жаңғырту және өрт қауіпсіздігін күшейту арқылы қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларды қаржыландыруға қолдау көрсетілді. Сонымен қатар қосымша қаржылық қолдауды қажет ететін бірқатар жоба қарастырылды.

Премьер-министр мемлекеттік органдардың басшыларына процесті қатаң бақылауға алып, шығыстардың негізсіз артуына және жобалар құнының өсуіне жол бермеуді тапсырды. Бағдарлама әкімшілерінің жұмысын күшейту және сметалық құжаттамада енгізілген жоба құнын сақтау қажеттігіне назар аударылады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар