Бектенов Перизат Қайрат ісіне қатысты пікір білдірді

Көркем Алдабергенова 15 шіл. 2025 11:15

Премьер-министр Олжас Бектенов Перизат Қайрат ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Үкімет басшысының сөзінше, бюджет ақшасынан бөлек, халықтан қайырымдылық үшін жиналған ақша да қолды болып кетіп жатыр.

"Перизат Қайраттың ісі соған дәлел. Бірақ Бектенов бұдан да асқан жаға ұстатарлық жағдайлар барын айтады. Мұндай келеңсіздіктерді тию үшін, ашықтық пен бақылау күшті болу қажет деп есептейді. Бұл ретте Үкімет пен құқық қорғау органдары заңға түзетулер енгізу үшін ұсыныстар береді деген үміттемін", - деді премьер.

Еске салайық, күні кеше 14 шілдеде Перизат Қайрат пен анасына қатысты басты сот отырысы басталды. Астанадағы сотта прокурорлар Перизат Қайраттың су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек ретінде жиналған ақшаны қалай иемденгені жөніндегі тергеу нұсқасын жария етті

"Табиғи апат салдарынан қоғамда хаос пен эмоциялар белең алып жатқан тұста адамдар алдауға бейім болатынын түсіне отырып, Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаева өзге адамдармен алдын ала сөз байласа отырып, қайырымдылық көмек көрсету сылтауымен халықтың сенімін теріс пайдаланып, ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен жымқыру туралы жаңа қылмыстық ниетке барған", – деді прокурор Арман Кезекен.

Перизат Қайрат осы сылтаумен 2,8 млрд теңге қаражат жинаған. Тергеу нұсқасына сай, соның 1,9 млрд теңгесін айыпталушылар жеке мақсатқа жұмсаған, ал 920 млн теңге ғана шынымен зардап шеккендерге көмектесу үшін пайдаланылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар