Bek Air компаниясының иесі ұсталды

Bek Air компаниясының иесі ұсталды
ашық дереккөз

Алматыда аса ірі көлемдегі ұрлық ісі бойынша Нұрлан Жұмасұлтанов қамауға алынды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Журналистің айтуынша, қылмыстық іс Алматы әуежайынан жоғалып кеткен Fokker 100 ұшақ қозғалтқыштарына байланысты қозғалған. Мәлімет бойынша, сол қозғалтқыштардың бірі кейін 2019 жылдың желтоқсанында апатқа ұшыраған Bek Air әуе компаниясының ұшағынан табылған.

Іс бойынша тергеу бірнеше жылға созылған. Козачковтың мәліметінше, 2026 жылы материалдар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарауына берілген. Ал 9 қыркүйекте Нұрлан Жұмасұлтанов екі ай мерзімге қамауға алынған.

Іс бойынша тағы бір күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.

Нұрлан Жұмасұлтанов бұған дейін Bek Air компаниясында тікелей жұмыс істемегенін айтқан. Алайда сот материалдарында ол компанияның негізін қалаушы әрі нақты иесі ретінде көрсетілген.