Freedom Inside '26

Базалық мөлшерлеме төмендеді, енді теңге де әлсірей ме? Ұлттық банк төрағасы пікір білдірді

Базалық мөлшерлеме төмендеді, енді теңге де әлсірей ме? Ұлттық банк төрағасы пікір білдірді
Үкіметтің баспасөз қызметі

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме төмендеуі теңге бағамына қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оның сөзінше, базалық мөлшерлеме 17 пайыз деңгейінде болуы теңгедегі активтердің тартымдылығын төмендетпейді. Сондықтан депозиттер мен корпоративтік облигацияларға деген сұраныс айтарлықтай өзгермейді, ал бұл өз кезегінде валюта бағамы күрт құбылуына жол бермейді.

Тимур Сүлейменов теңге бағамына тек базалық мөлшерлеме емес, бюджет қаражатының экономикаға түсу қарқыны да әсер ететінін атап өтті. Сонымен қатар, ол жаз мезгілінде демалыс маусымы басталуы шетел валютасына сұранысты арттыратынын айтты. Осы кезеңде азаматтар шетелге шығу үшін доллар сатып ала бастайды, салдарынан бағамда белгілі бір өзгерістер болуы мүмкін.

Ұлттық банк төрағасы елдегі негізгі экономикалық көрсеткіштер тұрақты екенін де атап өтті. Оның сөзінше, мұнай бағасы көтеріліп келеді.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда екі жылдан кейін алғаш рет базалық мөлшерлеме төмендеді. Ұлттық банк оны жылдық 18 пайыздан 17 пайызға дейін түсірді.