«Байтақ» партиясының өкілі Өскемендегі қоқыс өңдеу зауытына барды

Dalanews 23 ақп. 2023 11:39 796

2023 жылдың 21 ақпанда Қазақстандық «Байтақ» жасылдар партиясының Мәжіліс депутаттығына кандидат Владимир Мартель Өскемендегі қоқыс өңдеу зауытының қызметкерлерімен кездесті.

Зауыт өз жұмысын өткен жылы бастаған болатын. Сағатына 25 тоннаға дейін қоқыстарды сұрыптауға қабілетті Орта Азиядағы алғашқы зауыт болып табылады.

Кездесу барысында қатысушылар экологиялық салаға қатысты көптеген мәселелерді, соның ішінде Қазақстандағы басты экологиялық мәселелердің бірі қоқыстарды өңдеу тақырыбын талқылады. Сондай-ақ, жалақы туралы да мәселе көтерілді.

Қызметкерлер өздерінің ауыр еңбегі үшін 140-180 мың теңге ғана жалақы алатыны белгілі болды.

«Байтақ» жасылдар партиясының кандидаты Владимир Мартель барлығымыз бірлесе отырып, қоқыстарды белсенді жинау және электронды қалдықтарды өңдеу арқылы бұл мәселелерді шешуге болатынын айтты.


Шығыс Қазақстан облысы “Байтақ” жасылдар партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Қасенов Рыспек және партия мүшелері жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың сауалдарын тыңдап, алдағы іс-қимыл жоспарына енгізді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар