Бәйменов: "Қағазбастылықтың кесірінен жұмыс түнге дейін созылады"

Dalanews 28 қыр. 2016 16:56 774

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб пен БҰҰ Даму бағдарламасының Сингапурдағы мемлекеттік қызметті жетілдіру Ғаламдық орталығы бірлесіп шығарған «Мемлекеттік қызмет дамуындағы жаһандық және аймақтық трендтер» атты кең көлемді зерттеу еңбегінің тұсау кесеріне қатысты баспасөз мәсілихатында Әлихан Бәйменов мәлімдеді, дейді BAQ.kz тілшісі.

Брифинг барысында журналистердің сұрағына жауап берген Хаб басшысы мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін де түнге дейін қызмет атқаратындығына қатысты өз ойын жеткізді.
«Мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақыты аяқталса да, кеңседе түнге дейін қалуы - мемлекеттік органдардың менеджментіндегі өзекті мәселенің бірі. Бұл ретте бірнеше мәселе бар. Біріншіден, лауазым иелері арасында жауапкершілікті шектеуді жетілдіру керек. Министрліктің ішінде кім стратегиялық бақылаумен айналысады, кім күнделікті басқарумен айналысады деген министр орынбасарлары мен жауапты хатшы арасындағы аражікті одан ары нақтылау керек. Екіншіден, мемлекеттік органдардың біразында әлі де қағазбастылық басым және осы қағаз айналымын талдайтын болсаңыз, оның біразы өзінен өзі туындаған, шын мәнінде мазмұндық өлшемі жоқ қағаздар. Сондықтан қадағалау әрі бақылау жүйесінде жоғары органның төменгі органды қадағалағанды жай ғана формальды емес, стратегиялық нәтижелерге қол жеткізуге екпін қойылуы керек. Бұл әлемдік үдеріс»,-деді Ә. Бәйменов.

Сонымен қатар, ол бұл мәселенің қазіргі қоғамымыздағы ең өзекті мәселелердің бірі екеніне тоқтала келіп, оны тиімді жүйелеуге мекеме басшыларының жұмысты тиімді жүргізе алмауында дегенді айтты.
«Мемлекеттік органдардың басшылар үшін менеджмент, оның үстіне жобалау менеджменті, уақыт менеджменті секілді біліктіліктерін көтеру курстарын өткізу керек деп ойлаймын. Егер мемлекеттік қызметкерлер түнгі сағат 10-11-ге дейін жұмыс істейтін болса, олардың жұмыс уақытындағы еңбек өнімділігі күрт төмендейтінін зерттеулер анық көрсетіп отыр. Олар 6-7 сағатта жасайтын жұмысын атқаруға қауқарсыз болады. Ол үшін қызметкерлерді нақты іске жұмылдыра білу керек. Бұл мемлекеттік органдардың ішіндегі менеджментті жетілдуруге қазір басты назар аудару керек екенін және мемлекеттік қызметтегі корпоративтік мәдениетті жетілдірудің маңыздылығын аңғартуда. Сонымен қатар қарамағындағы сарапшылардың білімін шешім қабылдағанда дұрыс пайдала білуге мән беру керек», - Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб басшысы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар