Байғанин ауданында өткен жәрмеңкеде азық-түлік арзан бағада саудаланды

Dalanews 19 қаз. 2020 11:51 872

«Halyq Sayda» шағын көтерме сауда орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысы Байғанин ауданында 2020 жылғы 17 қазанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі болып өтті.

«Ақтөбе» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының тікелей қолдауымен жүзеге асырылған бұл әлеуметтік жоба облыс өңірлерінде тұңғыш рет өткізіліп отыр.

Жәрмеңкеде ұсынылған тауарлардың бағасы облыстағы кез келген сауда орталықтарында сатылатын бағадан 10-15 пайызға төмен.

Жәрмеңкеде «СХФ Пригородный» шаруаш қожалығының картоп, пияз, қырыққабат және сәбіз өнімдері келісі 85 теңгеден сатылады. Ал қара базарда бұлардың құны 100 теңгеден басталады.

Аталған игі бастаманың маңыздылығы пандемияға байланысты карантин уақытында табысы азайған қарапайым тұрғындарды қол жетімді бағадағы тауарлармен қамтамасыз ету екенін ерекше атап өткен жөн.

Жәрмеңке ашық аспан астында, эпидемияға қарсы барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, бетперде тағу режимінде өтті.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар