Оның айтуынша, белсендінің дәлел деп әкелген құжаттар әлеуметтік желідегі жазбалар мен мақалалардан, анонимді ресурстарға сілтемелерден тұрады.
2 мың бетке жуық құжаттардың 1268 беті ҚазҰУ-дың жеріне байланысты екен. Ал, оның видеоматериалда көтерген жер телімі одан 1,5 шақырым қашықта орналасқан «Essentay City» тұрғын үй кешені орналасқан жер.
«Жауаптағы 7 тармақтың үшеуі бойынша мүлдем ақпарат жоқ, яғни дәлелі жоқ екенін өздері де мойындап отыр. Ал, қалғаны жай ғана макулатура» деді А.Тәшенова.
Оның сөзінше, ерлі-зайыпты екеу ешқандай дәлелі болмаса да Бауыржан Байбекті Алматы әкімі кезінде жемқорлықпен айналысқан, заңсыз түрде миллиард долларға байыған және өзінің бизнес-империясын құрған деп айыптаған.