Баянның өмірі кімге қызық? Бәріне жауап бермекші.

Dalanews 18 нау. 2017 03:04 1134

Белгілі продюсер Баян Есентаева өмірінен сыр шертетін кітабы туралы әңгімелеп берді. Ол халыққа өзінің кім екенін түсіндірмек. Бұл туралы Есентаева «Гәкку» арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Есентаева кітап тұсаукесерінің не себепті кейінге қалдырылғанын түсіндірді.

«Кітапты сәуір айында жарыққа шығарғым келген. Бірақ үлгермейтінімді түсіндім. Өйткені өзгертулер енгізу қажет. Сондықтан халықтың жүрегіне жеткізу үшін кішкене уақыт керек. Мен кітапты зейнеткерлік жасқа жеткенде, қызыл қалпақпен теңіздің жағасында отырып жазамын деп жоспарлағанмын. Бірақ қоғам менің өміріме аса қызығушылық танытқандықтан, өмірдің өзі мені кітап жазуға мәжбүрледі. Барлығының нүктесін қойып, қоғамға өзімнің кім екенімді түсіндіретін уақыт жеткен сияқты», – дейді танымал продюсер.

Баян Мақсатқызы кітапта не туралы айтатынын да жасырмады.

«Мен адамдарға өзімнің тірі жан екенімді, әйел екенімді жеткізгім келеді. Менің де басқалар секілді ағаттық жіберуге, бақытты болуға, жақсы көруге немесе жақсы көрмеуге, шалынысуға және қайта тұруға құқығым бар. Сондай-ақ, өзімнің жеткен жетістіктерім мен құлаған сәттерім, танымалдылығым туралы айтып, неге бұлай болғанын түсіндіргім келеді.

Әйел балалары, туыстары, қала берді қоғам үшін бәріне шыдауға мәжбүр. Осы кітабым арқылы мен өмірдің бір-ақ рет берілетінін айтқым келеді. Ертеңгі күні балаларың өседі, туыстарыңның өз өмірі бар, ал қоғамға шын мәнінде бәрібір екенін түсіне білу керек.

Әркімнің өз өмірі бар. Сол сияқты менің де. Ол жігер сыйлайтын немесе сағын сындыратын кітап болатынын білмеймін. Негізі бұл ашылу кітабы. Кейбіреулер мені түсінер, ал біреулер әрі қарай даттайды», – деп түсіндірді Баян Мақсатқызы.

Продюсердің қаламгер ретіндегі алғашқы туындысы мамыр айында жарыққа шығады. Десе де оған әлі ат қойылмаған көрінеді. Продюсер жеке кітабына ат қою үшін оқырмандарымен кездескісі келеді.

«Айтпақшы кітабыма ат қою үшін бір күні оқырмандарыммен шағын немесе интерактив ұйымдастырамын. Өйткені өзіме қиынға соғуда», – деп түйіндеді продюсер.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар