Баян Есентаева: «Күйеуім сүйреп жүріп, екі сағат бойы сабады. Соншалықты не жаздым?» (видео)

Dalanews 08 қыр. 2016 05:40 931

Белгілі журналист Динара Сәтжан өзінің Youtube-тегі парақшасында продюсер Баян Есентаевамен болған сұхбатын жариялады. 

Күйеуі Бақытбек Есентаевтан оңбай таяқ жеген продюсер осылайша ел көзіне көрінді.

Өз сөзінде Есентаева әйелдерді тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан қорғайтын ұйым құрғысы келетінін айтты.

[caption id="attachment_19728" align="aligncenter" width="801"]баян есентаева баян есентаева[/caption]

«Өзімнің басымнан өткен жағдайды бүкіл елге айтуға мәжбүрмін. Себебі, көптеген әйелдер қауымы осындай қорқыныш пен үрейде өмір сүреді. Оларды өз күйеуінен ешкім қорғамайды. Себебі, заң білмейді. Мен дәл осындай жағдайды басымнан өткердім. Осы себепті де әйелдерді тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан қорғайтын ұйым құрмақ ойым бар. Жақын адамыңнан жапа шегудің қандай болатынын өз басым жақсы білемін» дейді Баян.
«Мен күйеуімнен оңбай таяқ жедім. Алайда әйелдер құқығын қорғайтын ешбір ұйым  маған хабарласқан жоқ. Халімді де, жағдайымды да сұрамады. Бізде мұндай әйелдер қауымдастықтары жұмыс істейді. Алайда ендігі жерде нақты іспен айналысатын, әйелдердің құқығын сөз жүзінде емес, іс жүзінде қорғайтын ұйым құру қажет» дейді продюсер.

Баянның айтуынша, тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен ресми түрде күресу керек. Әйелдер өз құқығын білуі тиіс.

«Мен күйеуімді жақсы көрген жоқпын. Тек уақыт озған сайын үйреніп кеттім. Бірақ соңғы екі жыл адам төзгісіз болды. Сондықтан да соңғы кездері ажырасу туралы ойлана бастадым. Алайда күйеуім «ажырасар болсаң, өлтіріп тастаймын» деп қорқытты.

https://www.youtube.com/watch?v=A4BCeM5fp0w

Әрі қарай Баян Есентаева күйеуімен арадағы жанжалдың қалай болғанын, неден туындағанын айтып беріпті. 

«10 маусым болатын. Мен үйге қайтып келе жаттым. Негізінде бұдан бұрын, 5 маусым күні жанжалдасып қалғанбыз. Мен үйге дәл осы 5 маусымда оралуға тиіс болғанмын.  Алайда 5 күнге кешігіп қалдым. Күйеуім тарапынан қорқыту мен үркіту көбейіп кеткесін бірнеше күн аялдай тұрайын деп шештім. Сәл сабасына түсер деген үмітім болған.

Мен әдейі шетелдік рейспен келдім. Ол білмей қалады деп ойладым. Ұшақтан түсіп, таксиге отырғаным сол қайдан келгені белгісіз есікті жұлқып ашқан күйеуім жаныма жайғасып алды. Мен мұны күтпеген едім. Оның қолынан пышақты байқап қалдым.
Ойланып үлгергенше болған жоқ пышақты сұғып алды. Түрінде аяушылық сезілген жоқ. Алғашқыда мен де ауырсынбадым. «Шок» жағдайында болған шығармын. Әлдеқандай сұмдықтың болғанын ішім сезді. Бірақ, бірден өз-өзімді қолға алдым. Айғайласам, дабыра көтерсем түк өнбесін білдім…Такси жүргізушісінен көмектесуін сұрадым.

Сол сәтте-ақ күйеуім мені соққының астына алды. Көзім тұманданып кетті. Содан кейін ол таксистке тоқтауды бұйырды. Мен көліктен шықтым. Айғайлағаннан пайда жоқ еді. Қанша жерден табысты, танымал әйел болсаң да еркекке қарсы ештеңе істей алмайсың.

Содан кейін ол мені басқа көлікке отырғызды. Сөйтсем бұл көлік менің таксиге отырғаннан кезден-ақ артымыздан аңдып отырыпты. Рөлде күйеуімнің жиені отыр екен.
Әрі қарай бір сұмдық басталды. Күйеуімнің қыр-сырын білсем де, оны мұншалықты аяусыз деп ойламаған едім. Сонда да үндеген жоқпын. Айғайлағаннан, көмек сұрағаннан нәтиже шықпасы белгілі еді.

Ол мені екі сағат бойы ұрды. Бет-аузым қанға бөгіп кетті. Тісімді, мұрнымды сындырды. Ернімді жырды. Бетімді тілді. Қатты қиналдым. «Балаларды ойласаңшы…» дей бергенімде ол мені тағы да төпелей жөнелді.

Сол оқиғадан бері үш ай өтті. Алайда салдары әлі кеткен жоқ. Екінші дәрежелі контузия алдым. Сол көзім дұрыс көрмейді»  деді Баян Есентаева.

20160908092321

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар