«Көмірсутегі салығы» – ол не?..
Әңгімеге кіріспес бұрын ЕуроОдақтың «көмірсутегі салығын» неліктен қабылдап отырғанына назар аударып, көңіл тоқтатсақ. Бүгінде ЕуроОдақ елдері 2050 жылға дейін қоршаған ортаға шығаратын парник газдардың көлемін 55 пайызға дейін кемітуді көздеп отыр. Бұл үшін олар ЕуроОдақ аумағына импортталатын өндірістік тауарларға жаңа салық жүйесін енгізіп, қол жеткізуді жоспарлап отыр.
Мамандардың айтуынша, ЕО елдері бір ауыздан қабылдаған «көмірсутегі салығы» олардың бір оқпен екі қоян атуына мүмкіндік береді. Біріншіден, атмосфера шығатын парник газдардың көлемін азаяды, екіншіден еуропалық кәсіпорындардың әлемдік нарықтағы бәсекелестігін артатын болады.
Жаңа салық жүйесі 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап салына бастайды. Алғашқы жылы «көмірсутегі салығы» электр энергетикасы, қара металлургия және қазба байлықтарына салынады. Ал 2025 жылы жаңа салық жүйесі химия өнеркісібі, металлургия саласының барлық түрлеріне және мұнай-химиясы саласын толықтай қамтитын болады.
Осылайша ЕуроОдақ өздерімен тығыз экономикалық қарым-қатынас орнатқан елдерді жаңа салық жүйесін қабылдауға мәжбүрлеп отыр. Батыс әлеменің дамыған экономикасы бұл талапты толықтай қабылдайтын қауқары бар. Ал үшінші елдердің үшін жаңа салық жүйесі біраз қолайсыздықтар тудыратыны анық.
Қиындықтан қалай шығамыз?
Тәуелсіздік жылдары ЕуроОдақ елдерімен тығыз экономикалық байланыс орнатқан Қазақстан үшін де бұл үлкен сынақ болмақшы.
ЕуроОдақтың «көмірсутегі салығы» елімізді экономикалық тұрақтылығына қаншалықты қауіп салқынын тигізеді деген мәселе Мәжіліс депутаттары да мазалап, олардың Асқар Мамин Үкіметіне депутаттық сауал жолдауына түріткі болды.
Қазіргі таңда Қазақстан Еуропа елдеріне мұнай мен түрлі шикізат өнімдерін экспорттап келелді. Осыған дейін сарапшылар Еуроодақ елдерінің «көмірсутегі салығын» енгізуі Қазақстанның экспорттық әлеуетіне кері әсер ететінін айтқан-ды.
Алдағы уақытта Қазақстан үкіметі «көмірсутегі салығын» салқынын азайту үшін бел буып, білек сыбана жұмыс істеуі керек. Бұл ретте Үкіметтің «жасыл экономиканы» дамытуға қатысты қолға алған шаралары біраз көмегін тигізуі мүмкін.
Кез келген ел ЕуроОдақтың «көмірсутегі салығын» айналып өтуі үшін өндіріс орындарына заманауи технологияларды орнатып, тауар өндіруде жаңғармалы энергия көздерін пайдалануы тиіс.
Иә, бұл айтар ауызға жеңіл дүние. Десек те халық қалаулылары бұл мәселеге қатысты алаңдаушылық білдіріп, Үкіметке депутаттық сауал жолдаған соң, Премьер-Министр Асқар Мамин ел экономикасы ЕуроОдақтың «көмірсутегі салығынан» жапа шекпеуі үшін тиісті шаралар қабылдап, сол бағытта жұмыс істеп жатқандарын айтып депутаттарды сабырға шақырғандай болды.
Өз кезегінде Асқар Мамин 2050 жылға дейінгі төменгі көмірсутекті концепциясын әзірлеп, жүзеге асыруға кірісіп кеткенін алға тартты.
Егер осыған дейінгі экономикалық саясат жалғаса беретін болса, 2035 жылы Қазақстан бюджетінің 18,4 пайызы ЕуроОдақ елдеріне «көмірсутегі салығын» төлеуге жұмсалатын болады. Бұл біз үшін тиімсіз.
Сондықтан Үкімет елімізде кәсіпорындардың парник газдарды атмосфера шығару көлемін 60 пайызға дейін кемітуді көздеп отыр. Бұл үшін ел аумағындағы өндіріс орындарын 2050 жылға дейін қайта жаңғырту үшін 81,3 млрд доллар инвестиция тарту көзделген. Қазір елімізде бұл бағыттағы жұмыстар жүріп жатыр.
Осылайша Үкіметміз ЕуроОдақтың «көмірсутегі салығынан» айналып өтудің амалын қарастыруда. Бұл әрине ұзақ мерзімді стратегия. Ал бүгін-ертең не істейміз? Бұған да Мамин үкіметінің жауабы дайын болып шықты.
Бұл үшін Үкіметіміз мұнай сынды шикізат тауарларын басқа елдерге экспорттаудың жолдарын қарастырмақшы. Осы ретте Асқар Мамин Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне көз тігіп отырғандарын жасырмады. Бұдан басқа Еуразиялық Одаққа мүше елдерге де тасмалдауды жоспарлап отыр екен. Осылайша Үкімет қиын кезеңде өзгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмаудың амалын қарастыруда.