Сәкен Майғазиевтің келіні немен айналысатыны белгілі болды

Сәкен Майғазиевтің келіні немен айналысатыны белгілі болды
ашық дереккөзден

Жеке бренд тақырыбында контент түсіретін Instagram қолданушысы Динара Мырзажанқызы әнші Сәкен Майғазиевтің келіні Әдияға қатысты қызықты ақпаратты бөлісті, деп dalanews.kz тілшісі kznews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, Әдия бүгінде сән саласында өз кәсібін жүргізіп жүр. Ол Дубайдан абайка үлгісіндегі киімдерді әкеліп, Қазақстанда сатумен айналысады.

Динара Мырзажанқызы жазбасында жуырда Сәкен Майғазиевтің үлкен ұлы Әділеттің үйлену тойы дүркіреп өткенін де атап өтті. Контент авторының мәліметінше, Әділет 27 жаста, ал оның жары Әдия 20 жаста. Сондай-ақ Әдияның Маңғыстау өңірінен екені айтылды.

Автор Әдияның әлеуметтік желідегі парақшасына шолу жасап, оның сұлулыққа, нәзік стильге және визуалдық эстетикаға ерекше мән беретінін байқағанын жеткізді.

"Парақшасынан эстетиканы, әдемілікті жақсы көретіні көрініп тұр. Ал кәсібіне келсек, Дубайдан абайка киімдерін әкеліп, Қазақстанда сатып жүр", – деп жазды Динара Мырзажанқызы.

Сондай-ақ ол видеосында Әдияның жеке парақшасы мен жұмыс аккаунтына тоқталып, оның әлеуметтік желідегі стилі мен контент жүргізу мәнеріне қатысты пікір білдірді.