Шахмұрат Мүтәліп ERG компаниясының 39,3 пайыз акциясын сатып алды

Шахмұрат Мүтәліп ERG компаниясының 39,3 пайыз акциясын сатып алды
ҚБФ

Eurasian Resources Group акционерлер құрамында өзгеріс болғанын мәлімдеді. Компания мәліметінше, ERG акциясының 39,3 пайызын кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліпке тиесілі Nature Energy Solutions Ltd. сатып алған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл үлес бұрын акцияның 18,6 пайызына иелік еткен Патох Шодиевке және компанияның 20,7 пайыз акциясы тиесілі болған Александр Машкевичтің мұрагерлеріне қараған.

Компания өкілдері ERG құрамындағы барлық кәсіпорын қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

"Бұл өзгерістер бизнестің тұрақтылығын күшейтуге, корпоративтік басқару сапасын арттыруға және топтың ұзақмерзімді даму стратегиясын іске асыруға бағытталған", - деп жазылған хабарламада.