QirSabyn Telegram-арнасының әкімшілері ұзақ мерзімге сотталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Астана сотының мәліметінше, Р.Ә. Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша, яғни аса ірі көлемде алдын ала сөз байласу арқылы жасалған бопсалау фактісі бойынша кінәлі деп танылып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оның мүлкі тәркіленеді.
Осы іс бойынша екінші айыпталушы Р.Т. де кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды.
Сот процесі жабық режимде өтті.
Сот мәліметінше, қазір іс апелляциялық сатыда қаралып жатыр. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, Бас прокуратура 2024 жылғы 20 желтоқсанда QirSabyn Telegram-арнасы арқылы беделге нұқсан келтіретін жалған ақпарат жариялаймыз деп ақша бопсалады деген күдікпен бірнеше адамның ұсталғанын хабарлаған еді.