Баталовтың уәдесі. Алматы облысында 30 мың адам тұрақты жұмысқа орналасқан

Dalanews 27 қаз. 2020 08:57 707

Алматы облысында  жұмыссыздар саны азаю үстінде. Ақжолтай хабарды  жұмыспен қамту орталығының мамандары  мәлімдеді деп хабарлайды Dalanews.kz.

1 қазандағы ресми деректерге сүйенсек, өңірде 56 мыңнан астам жұмыс орны құрылған.  Оның 30 101-і тұрақты.  Басым бөлігі «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау 2020-2021 жылдарға арналған  бағдарлама негізінде құрылған.

Игі бастаманың барлығы ел әлеуетін арттыруға ықпал еткені сөзсіз. Аймақтың дамуына үлес қосып жатқан кәсіптің бір қатарын тізіп шықсақ.  Инфроқұрылымдық нысандар жағынан көш бастайтын бірден-бір өңір ол-Еңбекшіқазақ ауданы. Аталған жерде ірі құрылыс ұйымдары жұмыс жасайды. Соның бірі «Альтаир» өндірістік кәсібі. Бұл ұйым құрылыс материалдарын өндіруде және құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауда көшбасшы болып табылады. Ағымдағы жылы 195-тен астам жұмыс орнын ашқан.

Айдынды Алакөлде көштен қалыспақ емес. Үшарал жеріндегі «Бақытбек –Қаратал» ЖШС-ында  жыл басынан 120 жұмыс оны құрылған. Еңбекке тартылғандардың 2-уі  пробациялық бақылауда есепте тұрғандар екен. Естеріңізге саламыз, аталмыш серіктестік балық шаруашылығымен айналысады.

Ал, Ұйғыр ауданында наубайхана және автокөлік жуу ісіне 10 адам тартылған. Кәсіп иесі Ярлин Кудусович есімді азамат. Аудан орталықтарынан бөлек, ауылдық округтерде жұмыспен қамту мәселесі оң шешімін тапқан.

Мәселен,  Кеген ауданы, Бөлексаз ауылдық округінде  қазіргі уақытта «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында, «Данекер» жауапкершілігі шектеулі  серіктестігінің басшылығымен халықты ауыз сумен қамтамасыз ету  мақсатында ауыл тұрғындарынан 25 адам жұмыспен қамтыған. Бұл да, өз кезегінде ауыл халқының тұрмысын жақсартуға қосылған үлес екені анық.


Осы тектес тізімді жазиралы Жаркент өңірі жалғай түспек. Бірі шаруашылыққа, ендігісі құрылыс жұмыстарына көңіл аударып жатса, мұндағы жергілікті кәсіпкер бөбектер қамын күйіттеуде. Жеке кәсіпкер Т. Мәкежанова 200 орындық бала бақшаны қолданысқа берген. Ғимараттың жалпы ауданы 961,5 шаршы метр. Жобаны іске асыруға 134 млн тенге қаржы жұмсалған. Бастама «Жеке бастамалар» бағдарламасы аясында жүзеге асқан.

Мемлекеттік бағдарламаның шарапаты тиген өңірдің сапында нарынқолдықтарда бар.  Онда  денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Келісті кешенді салу үшін 110 жұмыс орны пайда болып, ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылған. Жұмыспен қамту орталығындағы жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған азаматтар мен арнайы мамандығы бар жастар дәнекерлеу ісі, электр жабдықтаушы және басқада жұмыстар атқаруда.

Облыс орталығына тиіп тұрған Текелі қаласында да 70 жұмыс орны ашылған. Бұл біз көрсеткен бастамалардың ішіндегі көрнектісі. «Техно Авиа Груп»  тігін цехі. Кәсіпорын қорғаныш құралдарын өндірумен айналысады.  Айта кету керек, сәуір айында облыс орталығы, Талдықорған қаласынан ашылған еді. Ендігіде өрістері кеңейіп Текелі қаласынан орын теуіп отыр.

Тігін цехы – бір реттік медициналық бетперделер, халаттар, комбинезондар және басқа да арнайы киімдерді тігеді. Аталған серіктестіктің филиал басшысы Жарылқасын Болатұлы.

Басшылықтың айтуынша, цехтің алып жатқан аумағы 350 шаршы метрді құрайды. Бүгінде өндіріс орны 50 жоғары жылдамдықты, 10 арнайы өндірістік тігін машиналарымен қамтамасыз етілген. Жұмыс орнында 70 адам еңбек етеді. Қызметкерлер екі ауысымда жұмыс жасайды. Алғашқы елуі күндіз, қалған жиырма тігінші кешке қызметіне кірседі. Алғашқы кезеңнен бастап күндігіне 18-20 мың дана,  айына 400 мың дана бетперде тігіп отыр. Сонымен қатар айына 35 мыңа жуық халаттар өндіреді.  Бұл жоспарды іске асыру үшін 19,0 млн теңге қаржы бөлінген.

Істің алға басуына міндетті түрде жүйе керек. Осы тұрғысында өндіріс орны ешкімнен қалыспайды. Барлық әрекеті мен бағдары алдын-ала дайындалған. Яғни, қолға алған істерінде реттілік бар. Цех басшылығының жоспарына сәйкес жұмыс кестесі толық әзірленген.

Кәсіпорын тамыз айынан бастап жеке компанияларға, яғни, мұнай, энергетика саласындағы өндіріс орныдары үшін арнайы киім әзірлей бастаған.

Біз тарқатқан қызметтер ол бір парасы ғана. Дәл осындай жұмыс орындары облыстың түкпір – түкпірінде ашылған.  Негізінде аймақ басшысының алдыға қойған жоспары артығымен орындалғанын баса айтқан жөн. Өйткені биылғы жылдағы жоспар бойынша  48 999 жұмыс орны құрылады деп межеленген еді.

2020 жылы «Еңбек» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 4040 адамды кәсіби оқытуға 2297,4 млн теңге бөлінген, соның ішінде 2505 адамды тегін кәсіби техникалық білім мен қысқа мерзімдік оқытуға 594,4 млн теңге қарастырылған.


Қазіргі кезде өңірдің 15 оқу орны мен 17 оқыту орталықтарында 45 мамандық бойынша қысқа мерзімдік оқытуға 2528 адам бағытталған. Соның 1396-сы оқуын аяқтады, 782 адам немесе 56% тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 1094 ықтимал қатысушыларды шағын несиелендіру үшін 4791,3 млн теңге, қалаларда және ауылда шағын несиелерді кепілдендіруге – 90,0 млн теңге, шағын қаржылық ұйымдардың операциялық шығындарын субсидиялауға – 10 млн теңге бөлінген.

Бүгінгі күні ауылдық жерлерде 3512,0 млн теңге сомасында 859 микрокредиттер берілді, қалаларда 13 адам 137,5 млн. теңге көлемінде микро кредиталды.

Сол сияқты «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып үйренуге 3645 адам жіберілді. Жаңа бизнес-идеяларын дамыту үшін 2130 адамға 1299,2 млн теңге сомасында мемлекеттік грант беру қарастырылған. Бүгінгі күні 920,3 млн теңгеге 1795 грант берілді.

Сонымен қатар үшінші бағыт аясында 7580,2 млн. теңге бөлінген. Үшінші бағыттың барлық көрсеткіштері артығымен орындалды.

Баталов сөзінде тұрды


Амандық Баталов бұдан бұрын биыл өңірде 46 мыңнан астам жұмыс орны ашылатынын айтқан. Аймақ басшысы “Еңбек” бағдарламасының маңыздылығын ұдайы сөз етіп, үнемі назарда ұстайды.

Төтенше жағдай жөніндегі мемкомиссияның отырысында Мемлекет басшысы Тоқаев осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін 1 трлн теңге бөлуді тапсырған-ды.


“Оның ішінде Алматы облысына 109,2 млрд.теңге бөлінді. Бұл біздің өңір үшін өте маңызды және қажетті қаражат. Бірінші кезекте халықты жұмыспен қамту мәселесін шешу маңызды.



Өйткені коронавирусқа байланысты облыстың көптеген тұрғындары жұмыссыз қалды. Олардың отбасыларына жағдай жасап, жаңа жұмыс орындарын ашу қажет.

Бұған дейін жұмыс жасауға  осындай орасан зор қаражат  бөлінген жоқ. Сондықтан біз оларды бөлгенде  жауапкершілікпен қарауымыз керек. Есепті кездесу, жеке қабылдаулар кезінде тұрғындар жүгінген облыстың аудандары мен қалаларына да қаражат бөлеміз”, – деген болатын бұдан бұрын Баталов.

Бұдан бөлек ол “түрлі форум, конференция өткізуді тоқтатып. Оған жұмсалған ақшаны халыққа жұмыс тауып беруге бағыттау керектігін” айтқан.

“Мемлекет басшысы ең алдымен халықтың алдындағы әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді қатаң тапсырды. Оған бізде қаржы толық көлемде қарастырылған. Қажет болса, маңызды емес шығындарды қысқарту есебінен бұл қаржы көлемін арттыра аламыз.



Биылғы жылы 46 мыңнан астам жұмыс орнын құруды жоспарлап отырмыз.



Имидждік шараларды өткізуге бағытталған шығындарды және бюджеттің басымдық берілмейтін  шығындарын қысқарту, көлік, жиһаз сатып алуды тоқтату қажет”, – деген еді аймақ басшысы.

 



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар