Баталов Президенттің кеңесшісі болды - дереккөз

Баталов Президенттің кеңесшісі болды -  дереккөз
raimbek.com

Райымбек Баталов Президенттің кеңесшісі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Райымбек Баталов Президенттің кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі атанды", - деп жазылған мәліметте.

Айта кетейік, 2022 жылдан бері ҰКП президиумының төрағасы қызметін Райымбек Баталов атқарып келген еді.

Жуырда оның орнына Қанат Шарлапаев тағайындалды.