Баталов кетті: "Атамекенді" басқаруға Шарлапаев келді

Көркем Алдабергенова 23 қаң. 2026 11:31

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының съезінде президиумның жаңа төрағасы сайланды. Бұл қызметке 2025 жылдың қыркүйегінде президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан кеткен Қанат Шарлапаев тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2022 жылдан бері ҰКП президиумының төрағасы қызметін Райымбек Баталов атқарып келген.

Қанат Шарлапаев әр жылдары «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрі болды.

Ал 2025 жылғы 28 ақпаннан 25 қыркүйекке дейін президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметін атқарды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove