"Бас прокуратураға тапсыруыңызды сұраймын": Белгілі заңгер Тоқаевқа үндеу жолдады

Қаракөз Амантай 15 нау. 2024 16:02 3471

Қазақстандық заңгер, Ұлттық құрылтай мүшесі Айман Омарова балалар арасындағы суицид мәселесін көтеріп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол соңғы уақытта белең алып жатқан қайғылы оқиғаларға бей-жай қарамауға шақырды.

"Сіздің назарыңызды, әсіресе балалар арасындағы суицид деректерін тергеуге аударғым келеді. Қылмыстық істер негізінен "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша тіркеледі. Кейіннен нақты себептер анықталмағандықтан, қылмыстық істер тоқтатылады. Сондықтан Бас прокуратураға Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша тіркелген барлық қылмыстық істерді зерделеуді тапсыруыңызды сұраймын, өйткені қандай да бір шара қолдану қажет", - деді Айман Омарова.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар