"Бас ауруы, ұйқының бұзылуы". Магниттік дауылдардың әсерін қалай азайтуға болады?

Ақтоты Жапатова 21 қаз. 2025 06:00

2025 жылдың 20–25 қазаны аралығында Жердің магнит өрісінде елеулі өзгерістер байқалуы мүмкін. Ғалымдардың болжамынша, бұл кезеңде геомагниттік белсенділік орташа деңгейде болады, алайда кей күндері қысқа мерзімді магниттік дауылдар тіркелуі ықтимал, деп хабарлайды Dalanews.kz.

  • 20 қазан, дүйсенбі – К-индекс 4–5 деңгейінде, қысқа мерзімді тербелістер болуы ықтимал.

  • 21 қазан, сейсенбі – белсенділік аздап төмендейді, бірақ магнит өрісі тұрақсыз күйде қалады.

  • 22 қазан, сәрсенбі – жағдай тұрақтанады, К-индекс 2–3 шамасында.

  • 23 қазан, бейсенбі – геомагниттік өріс қалыпты жағдайда, ағзаға әсері аз.

  • 24 қазан, жұма – магнит өрісі қалыпты.

  • 25 қазан, сенбі – қайтадан орташа ауытқулар күтіледі, К-индекс 4 шамасында.

Ауа райына сезімтал адамдар бұл күндері әлсіздік, бас ауруы немесе ұйқының бұзылуы секілді белгілерді сезінуі мүмкін.

Магниттік дауыл дегеніміз не?

Магниттік дауыл — бұл Күндегі жарылыстардан кейін Жерге жететін жоғары энергиялы бөлшектердің әсерінен пайда болатын геомагниттік толқын. Ол К-индекс бойынша (0–9 аралығында) немесе G1–G5 деңгейі бойынша өлшенеді:

  • G1 (К-индекс 4–5) – жеңіл әсер ететін магниттік дауыл;

  • G2 және жоғары (К-индекс 6+) – техника мен байланыс жүйелерінде ақаулар туғызуы мүмкін.

Магниттік дауылдардың адам ағзасына әсері

Көпшілік мұндай күндері келесі белгілерді байқайды:

  • бас ауруы және бас айналу;

  • қан қысымының ауытқуы;

  • ұйқысыздық немесе керісінше – қатты ұйқышылдық;

  • ашушаңдық, көңіл күйдің төмендеуі;

  • зейін мен есте сақтау қабілетінің әлсіреуі.

Қауіп тобына кімдер жатады?

  • жүрек-қан тамыр аурулары бар адамдар;

  • гипертониямен ауыратындар;

  • егде жастағылар;

  • созылмалы аурулары бар азаматтар;

  • ауа райының өзгерісіне сезімтал жандар.

Магниттік дауыл кезінде ағзаны қалай қорғаймыз?

Дәрігерлер мынадай қарапайым кеңестер береді:

  • 7–9 сағат ұйықтауға тырысыңыз;

  • көп су және шөп шайларын ішіңіз;

  • кофе мен алкогольді азайтыңыз;

  • ашу мен күйзелістен сақтаныңыз;

  • жеңіл, пайдалы тағамдар жеңіз;

  • таза ауада көбірек жүріңіз;

  • үйіңізді жиі желдетіңіз;

  • қан қысымын және жалпы хал-жағдайды бақылап отырыңыз.

Магниттік дауылдар – табиғи әрі әлсін-әлсін қайталанатын құбылыс. Олардан толық қорғану мүмкін болмаса да, дұрыс өмір салты мен сақтық шаралары арқылы оның әсерін едәуір азайтуға болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар