– Бұдан бөлек ауданымыздағы жұмыссыздық деңгейін азайту, халыққа жұмыс көзін табу, ауданды абаттындыру мәселесін нақты қолға алатын боламыз. Бұрын аудан орталығы Жетісай болатын, ал қазір аудан екіге бөлінді, Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент 21 жыл қараусыз қалғаны жасырын емес. Осы олқылықтың орнын толтыру қажет, – дейді ол.
Әкімнің айтуынша, осы тұрғыда аудан орталығында тазалық жұмыстарын жүргізу басталып кеткен. Әзір Мырзакентті күл-қоқыстардан тазарту жұмысы жүріп жатыр.
– Бұрын көшелерде мал жайылып жүре беретін, қазір мал жүрмейді, учаскелік полициялар айыппұл салады. Жақында ғана Алматы қаласынан білікті дизайнерлерді аудан орталығына шақырдық. Көгалдандыру, абаттандыру, скверлер мен фонтандарды қалыпқа келтіреді.
Гүлзарлар, талдар егілетін болады. Қазірде ауыл шаруашылығы өнім. 8 мыңға жуық шаруа қожалықтары бар. Мақта өте күрделі жұмысты қажет етеді, кішкентай бала секілді оған күтім қажет. Мақтадан көп нәрсе шығаруға болады. Нақтырақ айтсақ, 800 түрлі зат шығаруға болады. Біздің шаруалар осы мүмкіндікті пайдалана алмай отыр. Шикізат күйінде ғана сатып отыр. Сондықтан біз алдағы уақыттары шаруашылықтарды ірілендіруге орай кооперативтер құрамыз, — дейді бұл ретте Бақыт Асанов.