Бапи

Бапи
ztb.kz
Мәжіліс депутаты, белгілі саясаткер Ермұрат Бапи Ескі Қазақстан бір ғана Назарбаев емес екенін айтты, - деп хабарлайды

Мәжіліс депутаты, белгілі саясаткер Ермұрат Бапи Ескі Қазақстан бір ғана Назарбаев емес екенін айтты, - деп хабарлайды

"Ескі Қазақстан дегенде бұл жүйе бір Назарбаевпен ғана өлшенбейді. Назарбаевтың отыз жыл бойы құрған жүйесі ғой. Әрбір сатысында, әрбір бұрышында, әрбір деңгейінде шегеленіп қатып қалған бюрократиялық, авторитарлық биліктің шенеуніктері немесе сондай функциялық міндеттер атқаратын лауазымдар бар. Сондықтан бір Назарбаев пенсияға кетті екен деп бәрі өзгере қалған жоқ. Өйткені қалыптасқан жүйеден өзгеріп, Жаңа Қазақстанға лайықтап, санада өзгерістер болуы керек. Құжатпен өзгерте салуға болады. ...Соңғы екі жылдың ішінде, Қаңтардан кейін біраз тазаланды (ескі Қазақстанның "сара жолын ұстанатындар" - еск.). Мен өзім байқап жүрмін. Биліктің аппаратында, билік басында отырған лауазымгерлер біраз тазаланды. Былтырғы күздегі Үкіметтегі ауыс-түйістен кейін, биылғы ауыс-түйістен кейін, одан кейінгі премьер-министр ауысты, содан кейін тазалану біраз жүрді. Дегенмен орта буын, негізгі жұмысты атқаратын саяси тұлағалар, министр, әкім дегендер саяси лауазым ғой. Қаңтардан кейін әкімдер, министрлер толық өзгерді. Ескіден қалған бірен-саран біреулер болмаса, барлығы өзгерді. Бірақ мәселе адамның өзгеруінде емес, сананың өзгеруінде", - деді ол.

Сонымен қатар, депутат Назарбаевтың қазір қаншалық ықпалы бар екенін де айтты.

"Саяси тұрғыда ықпалы болмаса да, Қаңтардан кейін ол саяси пәрменінің құдіретінен айырылды. Бірақ экономикалық, қаржылық тұрғыда, активтер тұрғысында әлі де ықпалы бар деп ойлаймын", - деді саясаткер.

Ермұрат Бапи Назарбаев туралы қазір ойы қандай екенін айтты.

"Ол мен үшін пенсионер. ...Біздің елді отыз жыл басқарып, ең бастысы Назарбаевтың авторитарлық билігі Қазақстанда қазақ халқының ерік-жігерін жаншыған, құм қылған. Авторитарлы билік иесі болды. Қазір Назарбаевтың билік заманының жемісін жеп жатырмыз. Ең бастысы қоғам, халық қиындықтарда тоқырауға тап болғаны, рухани тұрғыда тоқырауға тап болғаны, ауылдың қалаға дүркірей көшуі, жұмыссыздық, әділетсіз жекешелендіру, жеке басқа табыну деген сияқты жүйе қоғамда ізін салып кетті. Назарбаевтың отыз жылғы билігін саралай келгенде міндетті түрде халықтық жауапқа тартылуы керек адам. Ол жауап беруі керек. Халықтың алдында есеп беруі керек. Ол алды да кетті. Көптеген мәселе жөнінде оны жауапқа шақыру керек", - деді депутат.