"Банк шоттары бұғатталады". Декларация тапсырмағандарға бір ай мүмкіндік берілді

Кәмшат Тілеухан 05 қар. 2024 12:55 1760

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі шеңберінде заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары болып табылатын 2 миллионна. астам жеке тұлға активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Декларацияны тапсыру мерзімі 2024 жылғы 16 қыркүйекте аяқталды. Декларацияны ұсынбаған салық төлеушілер бойынша салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігін ұсынбағаны туралы хабарламалар жіберілді. Хабарламаны алған сәттен бастап 30 жұмыс күні ішінде мұндай адамдар декларацияны ұсыну немесе түсініктеме беру арқылы бұзушылықты жоюы қажет", делінген ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында.

Ал қосымша берілген бұл мерзімде декларацияны ұсынбағандардың банктік шоттары бұғатталады.

"Мұндай салық төлеушілерге банктік шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтата тұру түріндегі шаралар қолданылады. (Салық кодексінің 118бабы 1-тармағының 1-тармақшасы)", делінген МКК ескертуінде.


Айта кетсек, декларацияны электронды түрде салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz), Электрондық үкімет порталы (egov.kz) және E-Salyq Azamat, eGov mobile, Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz. мобильді қосымшалары арқылы ұсынуға болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар