Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Алатау қаласының ерекше құқықтық режимі туралы» Конституциялық заң қоғамда қызу талқыланып жатыр. Сарапшылар бұл бастаманы Қазақстанның жаңа экономикалық даму кезеңіне қадам басуы әрі халықаралық инвестициялық және технологиялық бәсекеге бейімделу әрекеті ретінде бағалауда.
Әлемдік тәжірибеде арнайы құқықтық режимдер мен smart city модельдері экономиканы әртараптандырудың, инновация тартудың және жаһандық капитал үшін тартымды орта қалыптастырудың тиімді құралына айналды. Осы тұрғыдан алғанда, «Алатау» жобасы Орталық Азиядағы жаңа технологиялық және қаржылық хаб қалыптастыруға бағытталған стратегиялық бастама ретінде қарастырылып отыр.
«Алатаудың» экономикалық әлеуеті, халықаралық тәжірибемен ұқсастығы және Қазақстанның жаһандық имиджіне ықпалы туралы экономист Динара Мамырбековамен сұхбаттастық.
- Қасым-Жомарт Тоқаев «Алатау қаласынның ерекше құқықтық режимі туралы» Конституциялық заңға қол қойды. Бүгінде мұндай арнайы құқықтық режимдер әлемдік тәжірибеде қаншалықты сұранысқа ие?
- Қазіргі таңда арнайы құқықтық режимдер әлемдік тәжірибеде өте жоғары сұранысқа ие әрі экономикалық дамудың тиімді құралы ретінде кеңінен қолданылып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі туралы» Конституциялық заң да осы жаһандық трендке толық сәйкес келеді. Әлемдік тәжірибеге қарасақ, мұндай ерекше режимдер ең алдымен инвестиция тарту, инновацияны дамыту, жаңа технологияларды енгізу және халықаралық капитал үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында енгізіледі. Мысалы, Қытайдағы Шэньчжэнь, БАӘ-дегі Дубай, Оңтүстік Кореядағы Инчхон сияқты арнайы аймақтар бүгінде әлемдік экономикалық өсімнің драйверіне айналды.
Экономикалық тұрғыдан алғанда, арнайы құқықтық режимдер бірнеше маңызды артықшылық береді:
- бюрократиялық кедергілерді азайтады
- инвесторларға құқықтық тұрақтылық ұсынады
- салықтық және әкімшілік жеңілдіктер береді
- халықаралық стандарттарды жылдам енгізуге мүмкіндік жасайды
- жоғары технологиялар мен креативті индустриялардың дамуын жеделдетеді.
Алатау қаласына қатысты заңда да дәл осындай тетіктер қарастырылған. Атап айтқанда, халықаралық құрылыс стандарттарын енгізу, цифрлық активтер айналымын реттеу, инвесторларды қорғау, шетелдік мамандарды тарту және «бір терезе» қағидаты арқылы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру көзделген.Менің ойымша, Алатау жобасының ерекшелігі бұл тек жаңа қала салу емес, Қазақстанда жаңа институционалдық және экономикалық модель қалыптастыру әрекеті. Яғни, Алатау болашақта инновация, технология, қаржы және креативті экономика шоғырланған халықаралық деңгейдегі урбанистикалық орталыққа айналуы мүмкін. Сондықтан әлемдік тәжірибе көрсеткендей, арнайы құқықтық режимдер бүгінгі таңда мемлекеттердің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыратын ең тиімді құралдардың бірі. Ал Қазақстан үшін Алатау қаласы осындай жаңа экономикалық өсім нүктесіне айналуға толық әлеуетке ие.
- «Алатауды» табысты халықаралық технологиялық және экономикалық хабтармен салыстыруға бола ма?
- Иә, «Алатауды» әлемдегі табысты технологиялық және экономикалық хабтармен салыстыруға толық негіз бар, себебі бүгінгі таңда бұл жоба жай ғана жаңа қала емес, инновация, цифрлық технология, инвестиция және креативті экономиканы біріктіретін стратегиялық даму орталығы ретінде қарастырылып отыр.
Әлемдік тәжірибеде мұндай хабтардың ең танымал үлгілері ретінде Қытайдағы Шэньчжэнь, БАӘ-дегі Дубай, сондай-ақ Силикон алқабы аталады. Бұл орталықтардың барлығын біріктіретін ортақ факторлар бар:
-арнайы құқықтық және инвестициялық режим;
жоғары технологияларға басымдық
-халықаралық капитал тарту
-таланттар мен стартаптарға қолайлы орта
-заманауи урбанистика мен цифрлық инфрақұрылым.
Алатау қаласының даму тұжырымдамасында да дәл осы бағыттар көрініс тапқан. Яғни, қала болашақта IT, жасанды интеллект, цифрлық қаржы, логистика, туризм және креативті индустриялар шоғырланған жаңа экономикалық орталыққа айналуы мүмкін.
Байқағаным, Алатаудың басты артықшылығы — оның географиялық орналасуы. Алматы агломерациясына жақын орналасуы, халықаралық көлік дәліздеріне шығуы және адам капиталының шоғырлануы бұл жобаның әлеуетін күшейтеді. Сонымен қатар арнайы құқықтық режим инвесторлар үшін сенімді әрі икемді бизнес ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Дегенмен, әлемдік деңгейдегі хабқа айналу үшін тек инфрақұрылым жеткіліксіз. Мұнда ең маңыздысы:
-институционалдық тұрақтылық
-ашық басқару жүйесі
-білім мен ғылым интеграциясы
-халықаралық серіктестік
-инновациялық экожүйені қалыптастыру.
Егер осы бағыттар жүйелі түрде іске асса, Алатау Орталық Азиядағы ірі технологиялық және экономикалық хабтардың біріне айналып, Қазақстан экономикасының жаңа өсім нүктесі бола алады.
- Қазіргі жаһандық бәсекелестік жағдайында «ақылды қала» секілді цифрлық модельдердің маңызы қаншалықты жоғары?
- Қазіргі жаһандық бәсекелестік жағдайында «ақылды қала» модельдерінің маңызы өте жоғары және олар мемлекеттердің экономикалық даму деңгейін айқындайтын негізгі факторлардың біріне айналып отыр. Бүгінде әлем елдері тек табиғи ресурстармен емес, технология, инновация және цифрлық инфрақұрылым арқылы бәсекеге түсуде.
«Ақылды қала» ұғымы бұл жай ғана цифрландырылған қала емес. Бұл — жасанды интеллект, үлкен деректер (Big Data), IoT технологиялары, цифрлық басқару және автоматтандырылған инфрақұрылым арқылы тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жаңа урбанистикалық модель.
Әлемдік тәжірибеде Сингапур, Сеул, Дубай сияқты қалалар «ақылды қала» технологияларын енгізу арқылы экономикалық тиімділікті айтарлықтай арттырды. Мұндай модельдер:
-қала басқаруын тиімді етеді
-көлік кептелісін азайтады
-энергияны үнемдейді
-қауіпсіздік деңгейін күшейтеді
-мемлекеттік қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етеді
-инвесторлар мен жоғары білікті мамандарды тартады.
Экономикалық тұрғыдан қарағанда, «ақылды қала» - бұл инвестициялық тартымдылықтың жаңа стандарты, себебі халықаралық инвесторлар бүгінде цифрлық инфрақұрылымы дамыған, басқару жүйесі ашық әрі технологиялық экожүйесі қалыптасқан аймақтарға көбірек қызығушылық танытады. Қазақстан үшін де бұл бағыт стратегиялық маңызға ие. Әсіресе Алатау секілді жаңа қалаларда smart city элементтерін бастапқы кезеңнен енгізу болашақта инфрақұрылымдық шығындарды азайтып, тиімді әрі тұрақты экономикалық модель қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Менің ойымша, XXI ғасырда «ақылды қала» — бұл тек технологиялық тренд емес, ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің маңызды көрсеткіші. Қай мемлекет цифрлық урбанистика мен инновациялық экожүйені жылдам дамытса, сол ел жаһандық экономикада жетекші орынға ие болады.
- «Алатауды» Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған жаңғырту стратегиясының практикалық жалғасы ретінде қарастыруға бола ма?
- «Алатау» жобасын Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған жаңғырту стратегиясының практикалық әрі институционалдық жалғасы ретінде қарастыруға толық негіз бар. Себебі бұл жоба Мемлекет басшысы ұсынған экономиканы әртараптандыру, цифрландыру, инвестициялық тартымдылықты арттыру және жаңа өсу нүктелерін қалыптастыру бағыттарымен тікелей үндеседі. Соңғы жылдары Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың шикізаттық моделінен инновациялық және технологиялық модельге көшу қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Осы тұрғыдан алғанда, Алатау — жаңа экономикалық саясаттың нақты тәжірибелік алаңына айналуы мүмкін. Жобаның негізгі ерекшеліктеріне назар аударсақ:
-арнайы құқықтық режим енгізілуі
-халықаралық инвестиция тартуға бағытталуы
-smart city қағидаттарының қолданылуы
-цифрлық технологиялар мен инновациялық секторға басымдық берілуі
-тиімді урбанистикалық модель қалыптастыруы , мұның барлығы қазіргі жаңғырту саясатының негізгі басымдықтарымен сәйкес келеді.
Менің жеке пікірім, Алатау — бұл тек жаңа қала құрылысы емес, жаңа басқару философиясының моделі. Яғни мұнда икемді мемлекеттік басқару, технологиялық экономика, адами капиталды дамыту және халықаралық стандарттарға бейімделген бизнес-орта қалыптастыру көзделіп отыр.Сонымен қатар бұл жоба Қазақстанның өңірлік бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге де ықпал етеді. Орталық Азияда инвестиция, технология және таланттар үшін бәсеке күшейіп жатқан кезеңде, Алатау еліміздің жаңа экономикалық брендіне айналуы ықтимал. Сондықтан Алатауды Президент Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан», экономиканы жаңғырту және цифрлық трансформация стратегиясының нақты практикалық көрінісі деп бағалауға болады.
- Халықаралық капиталды тарту үшін инвесторларға берілетін арнайы кепілдіктер мен икемді реттеу тетіктері қаншалықты маңызды?
- Халықаралық капиталды тартуда инвесторларға берілетін арнайы кепілдіктер мен икемді реттеу тетіктерінің маңызы өте жоғары. Қазіргі жаһандық экономикада капитал ең алдымен тұрақтылық, ашықтық және құқықтық сенімділік бар елдер мен аймақтарға бағытталады. Сондықтан мемлекеттер инвесторлар үшін қолайлы экожүйе қалыптастыруды стратегиялық басымдық ретінде қарастырады. Экономикалық тұрғыдан алғанда, инвестор үшін ең маңызды факторлардың бірі — тәуекел деңгейі. Егер мемлекет:
-меншік құқығын қорғаса
-заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз етсе
-дауларды шешудің тиімді механизмдерін ұсынса
-салықтық және әкімшілік рәсімдерді жеңілдетсе, онда халықаралық капитал ағыны едәуір артады.
Әлемдік тәжірибеде мұндай тетіктер өте кең қолданылады. Мысалы, Дубай халықаралық қаржы және технологиялық орталыққа айналуында еркін экономикалық аймақтар мен икемді құқықтық режим шешуші рөл атқарды. Ал Шэньчжэнь арнайы экономикалық саясат арқылы жаһандық өндірістік және технологиялық хабқа айналды. Бүгінде инвесторлар тек салықтық жеңілдіктерге ғана емес, сонымен қатар:
1) цифрлық мемлекеттік қызметтерге
2)бюрократияның аз болуына
3)халықаралық құқық стандарттарына
4)кадрлық және инфрақұрылымдық әлеуетке
5)мемлекеттік институттардың тиімділігіне ерекше мән береді.
Алатау қаласына қатысты арнайы құқықтық режимнің енгізілуі де дәл осы мақсаттарға бағытталған. Бұл механизмдер инвесторларға ұзақ мерзімді сенім қалыптастырып, Қазақстанның халықаралық инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.
Экономист-зерттеуші ретінде айтар болсам, XXI ғасырдағы инвестициялық бәсекеде жеңіс табиғи ресурстарға емес, институционалдық сапаға байланысты. Қай ел немесе аймақ инвесторға жылдам, ашық және болжамды орта ұсынса, сол экономика халықаралық капитал үшін тартымды бола түседі. Сондықтан арнайы кепілдіктер мен икемді реттеу тетіктері жай ғана экономикалық құрал емес, мемлекеттің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыратын стратегиялық фактор.
- «Алатау» жаңа экономикалық және технологиялық модельдерді сынақтан өткізетін алаңға айнала ала ма?
- Алатау болашақта Қазақстандағы жаңа экономикалық және технологиялық модельдерді сынақтан өткізетін маңызды пилоттық алаңға айнала алады. Әлемдік тәжірибеде мұндай қалалар көбіне инновациялық шешімдерді енгізудің, жаңа басқару тәсілдерін апробациялаудың және цифрлық экономиканы дамытудың эксперименттік орталығы ретінде қызмет етеді. Мысалы, Шэньчжэнь алғашында арнайы экономикалық аймақ ретінде құрылып, кейін Қытайдың технологиялық серпілісінің символына айналды. Сол сияқты Дубай цифрлық экономика, smart city және инновациялық қаржы жүйелерін енгізу арқылы жаһандық хаб ретінде қалыптасты. Алатаудың ерекшелігі - оның нөлден бастап заманауи талаптарға сай жоспарлануында. Бұл қалада:
-smart city технологияларын
-жасанды интеллект негізіндегі басқару жүйелерін
-цифрлық мемлекеттік қызметтерді
-«жасыл экономика» элементтерін
-финтех және цифрлық активтер экожүйесін
-инновациялық урбанистикалық шешімдерді бірден кешенді түрде енгізуге мүмкіндік бар.Мұндай жобалардың басты артықшылығы — жаңа реформаларды бүкіл ел бойынша емес, алдымен арнайы ортада сынақтан өткізу мүмкіндігі. Бұл тәуекелдерді азайтып, тиімді модельдерді кейін республикалық деңгейде енгізуге жол ашады.
Сонымен қатар Алатау халықаралық инвесторлар, стартаптар, IT-компаниялар мен ғылыми орталықтар шоғырланған инновациялық экожүйе қалыптастыруға әлеуетті. Егер университеттер, ғылым және бизнес арасында тиімді байланыс орнатылса, қала Орталық Азиядағы технологиялық эксперименттер мен жаңа экономикалық шешімдердің орталығына айналуы мүмкін. Сондықтан Алатауды тек инфрақұрылымдық жоба емес, Қазақстанның болашақ экономикалық моделін қалыптастыратын стратегиялық инновациялық платформа ретінде қарастыруға болады.
- Қазақстанның халықаралық деңгейдегі имиджі мен позициясын нығайту тұрғысынан «Алатаудың» маңызын қалай бағалайсыз?
- «Алатау» жобасының Қазақстанның халықаралық имиджі мен жаһандық позициясын нығайтудағы маңызы өте жоғары деп есептеймін. Себебі қазіргі кезеңде мемлекеттердің беделі тек табиғи ресурстармен емес, олардың инновациялық әлеуетімен, технологиялық дамуымен және заманауи басқару модельдерімен бағаланады. Алатау — Қазақстанның әлемге өзін жаңа экономикалық бағыттағы мемлекет ретінде танытуының маңызды символдық әрі практикалық жобасы. Бұл бастама еліміздің:
-инвестицияға ашық екенін
-инновация мен цифрландыруға басымдық беретінін
-халықаралық стандарттарға бейімделіп жатқанын
-өңірлік технологиялық хаб болуға ұмтылатынын көрсетеді.
Әлемдік тәжірибеде мұндай жобалар елдің халықаралық брендингіне айтарлықтай әсер етеді. Мысалы, Дубай БАӘ-нің жаһандық экономикалық орталық ретіндегі беделін қалыптастырса, Шэньчжэнь Қытайдың технологиялық модернизациясының символына айналды. Сол сияқты Алатау да Қазақстанның жаңа даму кезеңінің бейнесі бола алады. Сонымен қатар мұндай мегажобалар халықаралық инвесторлар мен сарапшылар назарын аударады. Егер Алатауда тиімді құқықтық режим, жоғары сапалы инфрақұрылым және инновациялық экожүйе қалыптасса, бұл Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттырып, халықаралық рейтингтердегі позициясына оң әсер етеді.
Геосаяси тұрғыдан да Алатаудың маңызы зор. Қазақстан Еуропа мен Азияны байланыстыратын стратегиялық аймақта орналасқан. Осы артықшылықты пайдалана отырып, Алатау Орталық Азиядағы технология, логистика, цифрлық экономика және креативті индустриялардың жаңа орталығына айналуы мүмкін. Менің ойымша, Алатау — бұл тек жаңа қала емес, Қазақстанның болашаққа бағытталған жаңа халықаралық келбеті. Ол еліміздің «цифрлық мемлекет», «инновациялық экономика» және «жаһандық серіктестікке ашық ел» ретіндегі имиджін күшейтетін стратегиялық жоба бола алады.
Жалпы талдау қорытындысы бойынша, «Алатау» жобасы Қазақстанның жаңа экономикалық және технологиялық даму бағытын айқындайтын стратегиялық бастама ретінде бағаланады. Бұл жоба арнайы құқықтық режим, smart city технологиялары, инновациялық инфрақұрылым және халықаралық инвестиция тарту механизмдері арқылы әлемдік тәжірибедегі табысты экономикалық хабтардың моделіне жақындай түседі. Сонымен қатар Алатау цифрлық экономика, жасанды интеллект, креативті индустрия және заманауи урбанистика бағыттарындағы жаңа шешімдерді сынақтан өткізетін пилоттық алаң болуға әлеуетті. Жоба Қазақстанның халықаралық инвестициялық тартымдылығын арттырып қана қоймай, елдің инновациялық мемлекет ретіндегі имиджін күшейтуге де ықпал етеді. Ең бастысы, Алатауды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған экономиканы жаңғырту, цифрландыру және жаһандық бәсекеге қабілеттілікті арттыру стратегиясының нақты практикалық көрінісі ретінде қарастырылуы мүмкін. Сондықтан Алатау болашақта Орталық Азиядағы ірі технологиялық, қаржылық және инновациялық орталықтардың біріне айналу әлеуетіне ие стратегиялық жоба болып саналады.