Балалар шығармашылығы (өлеңдер)

Балалар шығармашылығы (өлеңдер)
Dalanews.kz

Көктем шуағы

Көктем келді көгілдір,

Көгінен бір төгіп нұр.

Қызыл, жасыл гүл өскен,

Кілем өңді өңір, қыр.

Сылдыр қақса бұлағы,

Жағадағы құрағы.

Самал желмен тербеліп,

Ызың ән сап тұрады.

Бұтағына гүл тұнып,

Алма бақта құлпырып,

Қаптап өсті жүзім де,

Күн көзіне ұмтылып.

Жеміс біткен бау-бақта,

Желі жайды жан-жаққа.

Бақта құс та сайрады,

Құйқылжытып сан-саққа.

Қолға ап бақша құралын,

Суды атызға бұрамын.

Ағаш түбін қопсытып,

Арам шөпті жұламын.

Жұлуға да қимайтын,

Жеміс піссе жинаймын.

Жаямын да дастарқан

Достарымды сыйлаймын.

Кер жалқау

Бақшалық жерді қопарып,

Тырмалайық тегістеп.

Әлсізбін ғой, ап-арық

Мандытамын мен нені істеп.

Қаулап өскен бақшада,

Шөптерді арам отайық.

– Тапсырды оын басқаға,

Кетіпті көбі қатайып.

– Салқында кешкі шөлдеген,

Суғара салшы қияқты.

– Илем қалай, бел деген

Қозғалтпай тұрған сияқты

– Жемістер пісті мәуелі,

Алайық жинап бірігіп.

Бақта көп шұқыр, дәу еді,

Жығылсам қайтем сүрініп.

Күтуге бақты мандытып,

Бермеген бір сәт қол ұшын.

Жемісті жеді-ау қарбытып,

Қойғандай әкеп сол үшін!

Пісіпті-ау әбден балбырап,

Деп елден бұрын асады.

Жақсы ғой жеген, ал бірақ,

Еңбектен неге қашады?

Бала мен сиыр

– Таң сәріден қайта кеттің, сиырым?

– Жайыламын еркін шолып

Шөбі шүйгін өрістердің қиырын.

– Не әкелесесің айтып көрші, сиырым?

– Теріп жесем тәтті шөптің түйірін,

Тойып қайтса кебежедей бүйірім,

Шелек-шелек сүт беремін сауғанда.

– Еркін шарла онда өріс шиырын,

Жайыла ғой асып барып таудан да.