Бакуде өтетін авиациялық форумға ресейлік компаниялар қатыспайтын болды

Көркем Алдабергенова 14 қаң. 2025 10:51 17201

Әзербайжанда Баку авиациялық форумына ресейлік компанияларды тіркеу тоқтатылды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл туралы ақпарат Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) ресми сайтында пайда болған.

"Әлемдік авиациялық жанармай қауымдастығының басты салалық кездесуі ретінде AEF тек IATA мүшелері мен IATA стратегиялық серіктестерінің шақыруымен өткізіледі. Azerbaijan Airlines компаниясының Embraer E190 ұшағының апатын тергеу нәтижелері жарияланғанға дейін, қабылдаушы елдің талабы бойынша Ресей Федерациясының компанияларын тіркеу уақытша тоқтатылды", делінген сайтта.

Авиациялық энергетика форумы (Aviation Energy Forum, AEF) 13-15 мамырда Әзербайжанның Баку қаласында өтеді деп жоспарланған.

Бұл іс-шара жанармай форумы мен Тұрақты авиациялық жанармай (SAF) симпозиумын біріктіреді. Форум авиакомпания өкілдері, жанармай мен SAF жеткізушілері және IATA-ның стратегиялық серіктестері үшін ұйымдастырылған.

Іс-шара барысында саланың басымдықтары, тиімділікті арттыру және авиацияның 2050 жылға қарай көміртекті нөлдік деңгейге жеткізу міндеттемелері талқыланады.Форумға тек IATA мүшелері мен стратегиялық серіктестері қатыса алады.
 
Оң жақтағы бөлімде алдыңғы форум қатысушыларының пікірлері берілген, олар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және пайдалы болғанын атап өтеді.

Айта кетейік, 2024 жылы 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 11.30-да Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл - Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы.

Ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.

Апаттан 6 қазақстандық көз жұмды. Жалпы қаза тапқандар саны — 38. Қайғылы оқиғадан 29 адам аман қалды.

Қайғылы оқиғадан кейін Әзербайжанда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. Түсте бүкіл ел бойынша мемлекеттік тулар түсіріліп, көліктер тоқтады. Әзербайжандықтар қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Кейінірек Чикаго конвенциясының 13-қосымшасына сәйкес Қазақстан Әзербайжан мен Ресейдің авиациялық органдарымен ақылдасқан соң, ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев басқаратын комиссия Embraer ұшағының қара жәшігін Бразилиядағы CENIPA орталығына жіберу туралы шешім қабылдады. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар