«Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілері Алматыдан Қонаев қаласына көшірілмейді – Президент тапсырмасы

Жарбол Кентұлы 21 шіл. 2025 11:41

ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Телеграм каналында Алматы қаласындағы «Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілері Алматыдан Қонаев қаласына көшірілмейтінін, бұған байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізетінін алға тартты.

– «Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге байланысты жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға оқушылардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыру үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және аталған нысанды қаланың балансына алуды тапсырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейді.

Аталған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталады, – деп жазба қалдырда Руслан Желдібай өзінің Телеграм каналында.  


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар