Азаматтарды қабылдау әкімнің негізгі міндетінің бірі – Көлгінов

Dalanews 11 мау. 2022 14:21 592

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында азаматтарды қабылдағанын мәлім етті, деп хабарлайды Dalanews.kz

«Әдеттегідей азаматтарды қабылдадым. Қала тұрғындары қозғайтын негізгі проблемаларды ескере отырып, осыған дейін «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығын (әлеуметтік сұрақтар), тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталығын, «iQala» қалалық қызмет көрсету орталығын аштық. Бұл орталықтар қала тұрғындарының басым бөлігін көмекпен қамтуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әлеуметтік қолжетімді тұрғын үйлердің, сол сияқты білім беру мен медицина мекемелерінің құрылыс көлемі едәуір ұлғайды, елді мекендерді жоспарлы түрде дамыту, көпірлер мен жол салу, инженерлік инфрақұрылымдарды жүргізу секілді өзге де жұмыстар жүзеге асып жатыр.

Қаламыз тұрғындардың атсалысуымен дамып келеді. Азаматтарды жеке қабылдаулардан бөлек, елорданы аралау, аудандық кездесулер секілді жиындарда да тұрғындармен кездесеміз.


Мәселелердің бір бөлігі биыл шешіледі, ал қалған бөлігі алдағы жылдарға жоспарланады. Себебі жүйелі проблемаларды шешу үшін көбірек уақыт қажет: жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау, мердігерді анықтау, қаржы бөлу. Міне осыдан кейін ғана құрылыс жұмыстары қолға алынады», - деп жазды елорда әкімі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар