Талдықорғанда Айзат Жұманованы өлтірген күдікті күйеуі Айбар Жанболат 14 жылға сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Прокуор күдіктіні 15 жылға соттауды сұраған болатын.
Бұған дейін марқұмның туыстары Айзатты арқанмен байлап, далада сүйреткен болуы мүмкін деген болжам айтып, сондай-ақ оның жүкті болғанын жоққа шығармаған. Алайда прокурордың мәлімдеуінше, кешенді сот-медициналық сараптама нәтижесінде әйел денесінде атпен, көлікпен немесе адам күшімен сүйретуге тән іздер табылмаған.
