Аида Балаева UNICEF-тің өкілімен кездесті

Dalanews 12 шіл. 2021 14:41 787

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева БҰҰ Балалар қорының (UNICEF) Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Артур ван Дизенмен кездесті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Үкіметі мен UNICEF-тің 2021-2025 жылдарға арналған Елдік Бағдарламасы шеңберіндегі басым бағыттарды іске асыру мәселелерін талқылады.

Аида Балаева Министрліктің жетекшілік ететін бағыттары бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстары туралы, атап айтқанда жалған ақпаратпен жұмыс істеу және COVID-19 динамикасы мен ауқымы туралы халықты үнемі хабардар ету, заңнамалық базаны жетілдіру, тұрақты даму мақсаттарын іске асыру және Мемлекет басшысының еріктілерді жұмылдырудың халықаралық жылын құру жөніндегі бастамасын ілгерілету туралы айтып берді.



Өз кезегінде Артур ван Дизен балалар тәрбиесі, ата-ана дағдыларын нығайту, балаларды зорлық-зомбылықсыз тәрбиелеу, гендерлік теңдік және балаларды қолайлы ортаға тәрбиелеу тәсілдері, жастар арасында әлеуметтік-бағдарланған волонтерлікті дамыту сияқты бағыттар бойынша одан әрі ынтымақтастық жоспарлары туралы айтып берді.

Кездесу соңында тараптар балалар мен жастар мәселелері бойынша бірлескен жобаларда өзара ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниет білдірді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар