Конституциялық комиссияның тоғызыншы отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналистер мен блогерлерге жаңа Конституция жобасында сөз бостандығы қалай қамтамасыз етілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Dalanews.kz
Аида Балаеваның айтуынша, ұсынылып отырған нормалар сөз бостандығын шектеуге емес, азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін, жеке өмірін қорғауға бағытталған.
– Қоғам үшін сөз бостандығы – аса маңызды құндылық. Жаңа Конституция жобасы дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, сөз бостандығына кепілдік береді. Бұл қағида халықаралық құқық нормаларымен де толық үйлеседі, – деді министр.
Ол медиасала өкілдерінен түскен барлық ұсыныстармен мұқият танысқанын атап өтті.
– Мәдениет және ақпарат министрі әрі Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі ретінде нақты айтқым келеді: бұл түзетулер сөз бостандығын шектеуге бағытталмаған. Керісінше, әрбір азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетін, жеке өмірін қорғауды көздейді, – деп атап өтті Аида Балаева.
Еске салайық, бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысы өтіп жатыр.
