Ахметов: "Тест нәтижесін күтіп отырмай, ковид белгісі бар адамға бірден томография жасау керек"

Dalanews 23 шіл. 2020 04:11 847

ШҚО әкімі Даниал Ахметов алдағы уақытта қосымша ПТР зертханалары сатып алынатындығы туралы мәлімдеді.




Облыс әкімі Даниал Ахметов өз инстаграм парақшасында аймақтағы эпидемиялогиялық жағдай, дәрігерлердің үстемақысы мен ПТР зертханалар жетіспеушілігін қалай шешу керектігі туралы мәлімдеме жасап, нақты тапсырмалар жүктеді.

- Коронавирусты анықтайтын ПТР-зерттеулер нәтижелерінің кешіктірілуіне байланысты дәрігерлерге татар әріптестерінің үлгісі бойынша әрекет етуді, атап айтқанда - күтуге уақытты жоғалтпай, ковидті белгілері бар келушілерге бірден рентген немесе компьютерлік томографияны жасауды тапсырдым.⠀

Құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің айтуы бойынша, бұл жерде "алтын сағат" ережесі жұмыс істейді, яғни науқасты тез арада емдеуді бастап, оның ауыр хәлге түсуіне жол бермеу. Бүгінгі таңда Көкпекті және Тарбағатай аудандарында күрделі эпидемиологиялық жағдай сақталуда. Оған үш күнге Семей дәрігерлері мен Татарстаннан келген мамандар аттанады.

Аудан ауруханалары барлық қажетті жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. ⠀Әлеуметтік желілерде пайда болған оттегінің жетіспеушілігі туралы ақпарат шындыққа сай емес. Ал дәрігерлер өздерін қорғай білулері керек. Дәрігерге ренжіп, бүкіл жүйеге әлеуметтік желілерде кір келтіруде. Бұған жол бермеу керек, - деді аймақ басшысы.

Даниал Ахметов індетпен күресіп, аянбай еңбек етіп жүрген дәрігерлердің үстемақысы туралы да айтып өтті.

- Үстемеақыларға келетін болсақ, коронавируспен күресте алдыңғы қатарда жүрген шығысқазақстандық дәрігерлердің төлемдері таяу арада жүзеге асырылады. Қордың ақшасы медициналық мекемелер мен стационарлардың шоттарына аударылды. Маусым айында болған провизорлық, жұқпалы және карантиндік стационарлардың көбеюіне байланысты кідіріс орын алды. МӘМС қоры бюджетке қосымша түзетулер енгізді.

Сондай-ақ, бүгін Татарстанмен дәрі-дәрмек жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылғанын атап өткім келеді. Осы құжатқа сәйкес облыс жарты жылға дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа, жақын арада тағы үш ПТР-зертхана сатып алынады, - деді Даниал Ахметов өз инстаграм парақшасында. ⠀

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан медициналық мекемелерінің бас дәрігерлеріне үйде коронавирусты қалай емдеу керектігі туралы ақпаратты қамтитын қарапайым және түсінікті жадынама әзірлеуді тапсырды. Бұл жеңіл форманы диагностикалайтын және стационарға жатудың қажеті жоқ пациенттерге арналған құжат. Мұндай тәжірибе екінші толқын кезінде өзін-өзі емдеудің теріс нәтижелерін болдырмауға көмектеседі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар