Ауыл шаруашылығы министрлігі ет бағасының қымбаттауын жоққа шығармайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі мәлімдеді. Ол ет экспорты екі есе артқанын еске салды, бұл ішкі бағаларға айтарлықтай әсер етіп отырғанын жеткізді. Алайда, шамамен 50 мың тонна көлеміндегі өнім қоры жағдайды тұрақты ұстап тұрғанын, бұл алдағы айларда ішкі нарықты етпен қамтамасыз ететінін айтты.
Азат Сұлтановтың сөзінше, тапшылық болмаса да, бағаға ықпал етуге тырысатын импорттаушылар тарапынан белгілі бір қысым бар. Қажет болған жағдайда жергілікті билік өнімнің құнын бақылауға алатын құралдарға ие.
"Қазір біз бағаны ұстап отырған жоқпыз, себебі еттің өзіндік құны мен өндірісіне қарап отырмыз. Малын жайылымда ұстайтын шаруашылықтарда өзіндік құн шамамен 1800–1900 теңге. Ал нарықтағы баға 3,5 мың теңгеден басталады. Бағаның төмендеуі жемшөп базасының қамтамасыз етілуіне байланысты болады. Болжамға келсек – әзірге біз еттің өзіндік құнына қарап отырмыз", – деді вице-министр.