Мұндай кешен ауылда бұрын болмаған. Енді Қызылқия ауылына қарасты 5 ауылдың жастары қалаға қатынамай-ақ, спорттың 10 түрінен шынығып, шыңдалады.
Спорт кешенін ауыл тұрғыны, ел жанашыры Нұрмаханбет Сейткәрім өз қаражаты есебінен салып берді. Мұнда бір мезгілде 100-ден аса адамның жаттығуына мүмкіндік бар.
Нысанның ашылу салтанатына қатысқан Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев ауыл тұрғындарын жаңа ғимаратпен құттықтап, бұл спорт кешені ауыл тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға үндейтін, жастарды бұқаралық спортқа тартатын тәрбие ошағы болатынына сенімді екенін жеткізді.