Auezov University-де АЭС салуда шетелдің тәжірибесін талқылаған дөңгелек үстел өтті

Жарбол Кентұлы 19 қыр. 2024 17:51 2369

Бүгін Auezov University-де«Атом электр станциясын салудағы шетелдік тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, ғалымдар, Шымкент қаласының энергетикалық кәсіпорындарының өкілдері, докторанттар, магистранттар, студенттер, студенттік бірлестіктердің өкілдері қатысты.


Кездесу барысында дөңгелек үстелге қатысушылар келесі мәселелерді қарады:
-әлемдегі атом энергетикасының қазіргі жағдайын зерттеу және талдау;
-атом электр станциялары негізінде тұрақты және экологиялық таза энергия өндіру;
-атом энергетикасы Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету құралы ретінде;
-атом электр станцияларын пайдаланудың халықаралық тәжірибесі және оның Қазақстанның энергетика саласын дамытудағы маңызы.


Басқарма мүшесі-Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Әбзелбекұлы Бесбаев құттықтау сөз сөйледі.


Іс-шарада «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасының т.ғ.к., доценті Ильясов Рамиль Махмудович баяндама жасады. Баяндамашы өз сөзінде Қазақстан энергетикасының қазіргі жай-күйін айтып, атом энергетикасы көмірсутекті отындарды өндіру мен жағу өндірісінің ұлғаюын тоқтату және электр энергиясын қамтамасыз етудің бірден-бір нақты жолы екенін баяндады.


Іс-шарада «Азия Трафо» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Атеев Дәуірбек Тағайұлы қонақ ретінде сөз сөйледі. Ол Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі электр энергиясының қазіргі тапшылығына байланысты жаңа генерация көздерін іздеу қажеттілігі туралы айтты. Электрмен жабдықтау тұрақты, сапалы және сенімді болуы керек, бұл талаптарға сәйкес келетін атом электр станциялары болып табылады.


«Энергоорталық-3» АҚ пайдалану жөніндегі бас инженер-менеджер Ерботаев Жансерік Анарқұлұлы өз сөзінде мыналарға тоқталды: «Барлық жұмыс істеп тұрған жылу және электр станцияларының тозу дәрежесі шамамен 70% құрайды. Еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бір жолы – бейбіт атомдарды пайдалану. Атом электр станциясында энергия өндіру кезінде қоршаған ортаның ластануы болмайды. Атом электр станциясының жұмыс істеу принципі жылу электр станциясына ұқсас, тек жылу отын жағу арқылы емес, ядролық реакция нәтижесінде бөлінеді. Атом энергиясы – болашақтың энергия көзі».


Сонымен қатар 7М07150 «Электрэнергетикасы» БББ мамандығының 2 курс магистранты Әбен Дінмұхаммед Мұхтарұлының баяндамасы тыңдалды. Магистрант жас ғалымдар атынан сөз сөйлеп, Қытай мен Ресей Федерациясындағы жұмыс істеп тұрған атом электр стансаларының артықшылықтарына тоқталды.
Өз баяндамасында Әбдісаттар Әбдіғаппарұлы Апетанов («ҚуатЖылуОрталық-3» МКК директорының инфрақұрылымды дамыту жөніндегі орынбасары) «Атом электр стансасының құрылысы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен экономикалық өсуін қамтамасыз етеді. Ең жоғары жүктеме кезінде біз жетіспейтін энергияны көрші мемлекеттен (Ресей Федерациясы) аламыз.

Атом электр станциялары жетіспейтін энергияны орын толтырудың сенімді көзі болып табылады.


PhD докторы, «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасының доценті Файз Нұрсұлтан Сапарұлы. Ол өз баяндамасында шет елдерде: АҚШ, Оңтүстік Корея және Францияда атом энергетикасын дамыту мысалдарын келтірді. Озық технологиялар мен экологиялық қауіпсіздік стандарттарын ескере отырып, атом энергетикасын дамыту Қазақстанға тұрақты дамуға, көмірқышқылсыздандыру мақсаттарына қол жеткізуге және жаһандық энергетикадағы қазба ресурстарына тәуелділікті азайтуға көмектесуі мүмкіндігін айтып жеткізді.


Іс-шара пікірталаспен аяқталды, оның қорытындысы бойынша қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, пікір алмасып, іскерлік байланыс орнатты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар