Freedom Inside '26

Перизат Қайраттан тәркіленген көліктер мемлекеттік органдарға неге тегін берілгені белгілі болды

Перизат Қайраттан тәркіленген көліктер мемлекеттік органдарға неге тегін берілгені белгілі болды
Фото: informburo.kz

Перизат Қайраттан тәркіленген көліктер құқық қорғау органдарының қарамағына берілген. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбековтің айтуынша, мұндай мүлік аукционда сатылмаған жағдайда ғана мемлекеттік органдарға өтеусіз беріледі, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оның сөзінше, бұл тетік бюджет қаражатын үнемдеу үшін қолданылады. Яғни мемлекеттік органдар жаңа көлік сатып алудың орнына тәркіленген мүлікті пайдалана алады.

"Құқық қорғау және мемлекеттік органдардың мұндай құқықты пайдалануына заң бойынша рұқсат берілген", - деді Нұрмахан Әділбеков.

Айта кетейік, бұған дейін Перизат Қайраттан тәркіленген Mercedes-Benz S 450 көлігі мемлекет меншігіне өткені хабарланған болатын. 2024 жылы шығарылған қара түсті көліктің мемлекеттік нөмірі - 777KPK01.

Құжаттарға сәйкес көліктің аккумуляторы отырып қалғандықтан, оның техникалық жағдайын толық тексеру мүмкін болмаған.